1 қыркүйектен бастап мектептерге жаңа пән енгізіледі
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мектептеріне "еңбекке баулу" пәні енгізілетінін айтты.
Вице-премьер Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеуде еңбек тәрбиесінің маңызы зор екенін атап өтті.
- Сондықтан жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы осындай тәжірибеге ие. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап мектептерде жетінші сыныптан кәсіптік бағдар беруші-педагог енгізіледі, ол мамандық таңдауға бағытталады, - деді Тоғжанов.
События дня
На рынке корпоративных вкладов наблюдается передел: кому казахстанские предприниматели готовы нести деньги в кризис?