Украина ТМД елдерінің ерлігін есте сақтау туралы келісімнен шықты
Украинаның Жоғарғы Радасы елдің Ұлы Отан соғысындағы ТМД халықтарының ерліктерін еске алу туралы келісімнен шығуына дауыс берді. Бұл туралы Рада депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram арнасында мәлімдеді.
АиФ мәліметінше, заң жобасын қабылдауға 274 депутат дауыс берген.
Келісімге 2011 жылы қол қойылды. Келісім ТМД халықтарының батылдығы мен ерлігін мәңгі есте сақтау бойынша шаралар қабылдауды және қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуды, әскери жерлеу орындары мен ескерткіштерді күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді.