суббота, 23 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Елбасының еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды – Тоғжанов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сұхбат беріп, жаңа Қазақстан, қаңтар оқиғасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы пікір білдірді.

Ералы Тоғжанов сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі туралы айтып, оны жоққа шығаруға болмайтынын жеткізді.

– Елбасының үлкен еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасының қасында көп жылдар қызмет жасадым. Маған сенім білдіргендіктен емес, жасаған еңбектерін білем. Баға жетпес үлкен шешімдерінің бірі – шекара мәселесі. Көрші елде болған үлкен мәселе не? Осы уақытқа дейін шекарасы бекітілген жоқ. Біздің елдің шекарасы бекітілгеннен бастап тәуелсіздігіміздің тұрақтылығының кепілдігі болады. Қазақстан Республикасының шекарасының нүктесі 2018 жылдың 12 тамызы күні қойылды. Сол кезде Маңғыстау облысының әкімі едім. Нүктесі қойылмаған жер Каспий теңізінің айналасы болды. Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның шекарасы бекітілді. Көрші елдердің бәрінде шекара мәселесі бар. Мен тек бір ғана жұмысын айтып отырмын. Оны ұмытуға қақымыз жоқ, - деді премьер-министрдің орынбасары Тоғжанов.

Сондай-ақ, «жаңа қазақстандық» адам қандай болуы керек екенін және қарапайым елге қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты.

– Мен сіздерге бір ғана нәрсе айтқым келеді. Бұл сана-сезімге байланысты. Біріншіден жауапкершілік. Мемлекеттің жауапкершілігі бар, мемлекеттік органдардың функциясына байланысты жауапкершілігі бар. Сонымен қатар, әрбір елде өмір сүретін азаматтардың жауапкершілігі болу керек. Коронавирустың қиын кезеңін бастан өткердік. Сондай кезеңде 7000 азамат шетелге ұшып кетті, олардың 80 пайызы ауру жұқтырды. Жауапкершіліктің мәселесі. Елдің азаматтары «жасама» деген сәтте той жасағанын көргенбіз. Жауапкершілікті бірге алып жүретін болсақ біраз мәселе шешілетіні анық, - деді Тоғжанов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Оставить комментарий

События дня

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33