Юрий Лавриненко ҚТЖ директорлар кеңесін басқарды
ҚТЖ жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
– "ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесі төрағасының, тәуелсіз директор Кальман Шомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды."ҚТЖ "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Юрий Лавриненко болып сайланды, - делінген хабарламада.
Өзгерістер енгізілгенін ескере отырып, ҚТЖ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:
Юрий Лавриненко - директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
Нұрлан Сауранбаев - директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы;
Нұржан Байдәулетов - директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Ернат Бердіғұлов - директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Назира Нұрбаева - директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Ғибрат Ауғанов - директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;
Ульф Вокурка - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Нұрлан Ақанзарипов - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Джон (Йан) Маккей - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.