Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) болып тағайындалды.
Ұйымның сайтында хабарланғандай, Сағынтаевты ЕЭК Алқасының мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамырда Мәскеуде шығарылған. Сағынтаев Руслан Бекетаевты ауыстырды.
Бақытжан Сағынтаев 2022 жылдың қаңтарында Алматы әкімі қызметінен басқа жұмысқа ауысуына байланысты деген тұжырыммен босатылды. Ол 2019 жылдың 28 маусымынан бастап Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.
События дня
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с основателями компании Kaspi.kz Вячеславом Кимом и Михаилом Ломтадзе.
В Казахстане 2 из 5 уголовных правонарушений в отношении несовершеннолетних связаны с сексуальным насилием
Токаев поздравил казахстанцев с Международным днем защиты детей, а также наградил орденами ряд ученых Казахстана