Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды
Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қызметінен босатылды. Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметті Baigenews.kz редакциясына растаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесіп, Бәрпібаевқа қатысты тексеру бастағаны айтылды.
–Бүгінгі таңда жекеменшік ұшақты Бәрпібаевтың құдасы болып келетін бизнесмен өзі және отбасы үшін медициналық операция жүргізу үшін Германияға бару мақсатында жалға алғаны анықталды. Бизнесменнің Германия клиникаларының бірінде медициналық қызмет алуы және ұшаққа жеке өзі ақы төлеу фактісі құжат арқылы расталған. Бәрпібаевқа келетін болсақ, әйелімен бірге осы чартерлік рейстің жолаушылары болған. Ол да медициналық тексеру үшін ұшқан. Аталған факті бойынша тексеру жалғасуда. Бәрпібаевтың Судья әдебі кодексін сақтау мәселесі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті комиссиясы қызметтік тексеру жүргізеді, - делінген ведомство хабарламасында.
Фото ашық деректерден