Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды
Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханға арналған мурал пайда болды.
Мурал туралы ақпарат Rukh2k19 тобының инстаграм-парақшасында жарияланды. Муралда #QazaqKoktemi хэштегі, «Қай аға маған оқ атқан?» деген жазу жазылған.
4 жасар Айкөркем Мелдехан 7 қаңтар күні Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан.
4-5 сағат өткеннен кейін әлеуметтік желіде муралдың өшірілгені туралы ақпарат тарады.
Masa.media сайтының мәліметінше, муралдың бір жыл бұрын Назарбаевтың ықпалын жоюды талап еткен сурет салынған жерде пайда болған.
Фото: @rukh2k19