суббота, 23 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Алматыда Дэмиен Хёрсттің «Жаңа дін» көрмесі өтеді

2016 жылдың 12 қараша күні сағ. 10.00-де Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы британдық танымал суретші Дэмиен Хёрсттің «Жаңа дін» көрмесін назарларыңызға ұсынады. Көрмені British Council (Британдық Кеңес) және Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы Пол Столпердің галереясымен бірлесіп, «Еуразиялық мәдени альянс» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырған. Көрменің шеңберінде өткізілетін білім беру іс-шараларының топтамасы Дэмиен Херсттің қазіргі заманғы мәдениетке жасаған ықпалы туралы жария дәрістерді, гид өткізетін экскурсияларды және суретшінің өмірі туралы фильмнің көрсетілімін қамтиды. Көрме желтоқсан айының 19-на дейін созылады.

«Жаңа дін» көрмесі медицина мен діни сенімнің, өнер мен діннің арасындағы күрделі қатынасты зерттейді; ойлануға қозғау салатын және кейде көптеген дау тудыратын суретші Дэмиен Хёрсттің шығармашылығында осы тақырыптар көптеген жылдар бойы өзекті мәселе болып отыр. «Жаңа дін» алғаш рет 2005 жылы Пол Столпердің галереясында көрмеге қойылды, содан кейін көрме Ослода, Мәскеуде, Венецияда, Софияда, Гданьскіде және Лондондағы Барлық Әулиелер Шіркеуінде өтті.

«Мен өмірде маңызды төрт нәрсе бар деп ойлаушы едім, бұл: дін, махаббат, өнер мен ғылым… Солардың ішіндегі ең дұрысы ғылым болып көрінеді. Ол да дін сияқты, бәлкім, түптің түбінде бәрі де жақсы болар деген үміт отын жағады», – дейді Дэмиен Хёрст «Жаңа дін» жайлы.

«Жаңа дін» көрмесінің негізінде діни сенім және адалдық пен болмыстың мәнісін іздеуге деген мұқтаждық жатыр. Түрлі элементтер бізді құрсаулаған ажал алдындағы қорқынышқа және ажалдан алыс жүруге деген тілекке арналған ой ғибадатханасын жасап, өзара әрекеттеседі. Медицинаға да, дінге де деген сенімнің түп-тамыры осы тілекте жатыр, аталған көрменің шеңберінде осы тілек «Әулие Үштік» сияқты туындылар арқылы бейнеленген, онда рухани сенімнің парасатты бастауын баса көрсету мақсатында шеңберлі диаграмма қолданылады.

«Жаңа дін» көрмесінің кеңістігін қалыптастыратын қырық төрт принт пен төрт мүсін «Дүниенің жаратылуынан» бастап «Крест жолы» арқылы «Қиямет күніне» дейінгі фрескалар топтамасын құрайды. Принттер самырсын ағашынан жасалған крест, асыл тастармен безендірілгендей домалақ дәрілермен көмкерілген баланың бас сүйегі, орасан зор мәрмәр таблетка және ұстара мен шприцтердің инелері сұғылған, тікенекті сымға оралған жүрек қойылған мехрабты қоршай орналастырылған.

Осы экспозицияны айналдыра орналастырылған принттер топтамасы медициналық дәрі-дәрмекдің пәрменділігіне деген біздің сеніміміздің Киелі махаббаттың Фәни махаббатпен бірлестігі екендігіне тұспал жасағандай болады. Сырт қарағанда бір ретке келтірілген және құрылымдалған медициналық карта Інжілді оқудың жаңа тәсіліне айналады. Інжілдің сәуегей болжамдары медициналық құрамдастар және бізді емдеп жазады деп өзіміз кәміл сенетін дәрілердің атаулары түрінде бейнеленген. Жарқын түсті аяда басылған осы «керемет дәрілердің» жақсы ретпен орналастырылуы оларға биік, киелі мәртебе береді.

Таблеткалардың суреті салынған принттер осы тақырыптарды аша түседі, ал бас сүйек пен көбелек бейнеленген принттер соңы ажалға әкелетін өмірдің зулаған ағынының рәмізі болып табылады. Принттер мен мүсіндердің толық топтамаларының он үш жинағы көрменің композициялық орталығы болып табылатын, арнайы құрастырылған үлкен сандықтың ішінде орналастырылған.

«Жаңа дін» көрмесі Хёрсттің наным-сенім, ажал, махаббат, нәпсіге еру және тұтыну сияқты ұғымдарға көзқарасын бейнелейді, осы ұғымдар соңғы 25 бойы оның шығармашылығының басым тақырыптары мен негізгі мәні болып отыр.

«Жаңа дін» көрмесінің сайты: https://www.britishcouncil.kz/kk/programmes/arts/damien-hirst

Оставить комментарий

Культурная среда

«Новая религия»  Дэмиена Херста в  Алматы «Новая религия» Дэмиена Херста в Алматы
Редакция Exclusive
Раджат Субхра Бандопадхья: «Живопись - моя религия» Раджат Субхра Бандопадхья: «Живопись - моя религия»
Дина Дуспулова
Александр Донской: «Даже в злое время уникальное искусство пробивалось и жило» Александр Донской: «Даже в злое время уникальное искусство пробивалось и жило»
Дина Дуспулова
Новое культурное пространство Новое культурное пространство
Дина Дуспулова
Оразбек Есенбаев: «Для меня все только начинается» Оразбек Есенбаев: «Для меня все только начинается»
Дина Дуспулова
«Казахстан может гордиться, что он Казахстан» – художник «Казахстан может гордиться, что он Казахстан» – художник
Дина Дуспулова
Алия Назарбаева продюсирует этнонациональный фильм (видео) Алия Назарбаева продюсирует этнонациональный фильм (видео)
Редакция Exclusive
Рашид Нугманов: «Хватит с нас внутренней борьбы!» Рашид Нугманов: «Хватит с нас внутренней борьбы!»
Редакция Exclusive
Разговоры на «Евразии» Разговоры на «Евразии»
Редакция Exclusive
Кино: здесь и сейчас. Кино: здесь и сейчас.
Редакция Exclusive
Латика Падгоанкар Латика Падгоанкар
Редакция Exclusive
Саин Габдуллин Саин Габдуллин
Редакция Exclusive
Весенний джаз – для нас Весенний джаз – для нас
Карлыгаш Еженова
Борейкиада… Борейкиада…
Карлыгаш Еженова
101 портрет Юрия Мечитова (видео) 101 портрет Юрия Мечитова (видео)
Карлыгаш Еженова
Фотолетопись Юрия Мечитова Фотолетопись Юрия Мечитова
Карлыгаш Еженова
Украинские песни над степью Украинские песни над степью
Карлыгаш Еженова
«Воздух земли» над фестивалем ARTBAT FEST «Воздух земли» над фестивалем ARTBAT FEST
Карлыгаш Еженова
Дом маленьких лебедей Дом маленьких лебедей
Редакция Exclusive
Книга перемен Книга перемен
Редакция Exclusive
Настоящее, совершенное… Настоящее, совершенное…
Карлыгаш Еженова
Возвращение к истокам Возвращение к истокам
Карлыгаш Еженова
Это нужно видеть Это нужно видеть
Карлыгаш Еженова
Маленький музей большого города Маленький музей большого города
Карлыгаш Еженова
«Сырғалым»: дорога к сердцу «Сырғалым»: дорога к сердцу
Редакция Exclusive
И вечно музыка звучит… И вечно музыка звучит…
Редакция Exclusive
Мать нации Мать нации
Редакция Exclusive
От прялки – до Интернета От прялки – до Интернета
Редакция Exclusive
Организаторы  «Алтын калам – 2014» объявили шорт-лист Организаторы «Алтын калам – 2014» объявили шорт-лист
Редакция Exclusive
Живу, чтобы петь и любить! Живу, чтобы петь и любить!
Редакция Exclusive
Тайный смысл предметов… Тайный смысл предметов…
Редакция Exclusive
Культурная политика: куда нам плыть? Культурная политика: куда нам плыть?
Редакция Exclusive
Реанимация конфедерации Реанимация конфедерации
Редакция Exclusive
Классика -  всегда в моде Классика - всегда в моде
Редакция Exclusive
Страницы:1 2 3 4 5 6