пятница, 27 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Түркіменстанда уақыт тоқтап қалды

«Түркіменстан альтернативті жаңалықтар» редакторы, Руслан Мятиев, біздің порталға берген эксклюзивті сұхбатында Түркіменстан прездентінің уақыт шынайылығынан мүлдем адасып қалғандығы жайлы айтып берді. Аркадаг билік тізгінін өзінің ұлына табыстағанның өзінде де, соңғысы оны ұзақ ұстап тұра алмасы анық. Мүмкін бұлай болуы жаман емес те шығар. Қалай болған күннің өзінде, өзгерістен қашып құтылу мүмкін емес.

- Қажетті ақпараттың жеткіліксіздігінен Түркіменстан жайлы әр түрлі қауесет жетіп артылады. Біреулер Ашхабадта жылымықтың белгілері пайда болды десе, енді бірі керісінше, қатал тәртіп орнап келеді дейді. Жылымық жайлы айтар болсақ, Аркадаг абайлап болса да, қазақтар мен өзбектердің альянсына қосылуға ниет білдіріп жүргенге ұқсайды.

-  Мен жылымық белгілерін мүлдем көріп тұрған жоқпын. Керісінше, саяси және әлеуметтік-экономикалық стагнация белгілері байқалады. Уақыт тоқтап қалып, барлығы бір нәрсені күтіп жүргенге ұқсайды. Бірақ нені күтіп жүргендері түсініксіз. Аймақтық интеграцияға келер болсақ, ресми  баспа құралдарын оқысаңыз, онда достық қарым-қатынастар мен өзара сауда жайлы көп айтылады. Ал шындығында Түркіменстан одан сайын жабыла түсуде. Бәрімізге белгілі, түркімен-қазақ шекарасының жабылғанына міне жарты жылдан асты. Яғни, шекаралық аймақтағы тұрғындар Қазақстанға визасыз бара алмайтын болса, дәл сол сияқты Маңғыстау облысының тұрғындары бізге өте алмайды. Бұған дейін Түркіменстанға қарасты Ташауыз бен Лебап облыстары, Өзбекстанға қарасты Хорезм және Бұқара облыстары тұрғындарының өзара қысқа мерзімді визасыз жүруі тәртібі тоқтатылғанды. Сондықтан да, түркімен тарапынан өз азаматтарының өмірін жеңілдетіп, даму, сауда жасау, көршілерімен тығыз байланыс орнату ниетін көріп тұрған жоқпын. Өзбек елінің жаңадан сайланған басшылығы Тәжікстанмен автобус қатынасын қайта қалпына келтіруге ниетті екенін білеміз. Дәл осындай емеурінді түркімендерге де танытып еді, бірақ біздің билік бұны жылы жауып қойды да, барлығы бәз баяғы қалпында қалды.

-Яғни, сіздің ойыңызша, одан сайын оқшаулана түсудесіздер. Қалай ойлайсыз, неліктен? Мағыналы түсініктеме  беріп кете аласыз ба?

- Мағыналы түсініктеме бар шығар, бірақ ол тек шешім қабылдайтын адамдардың ғана қолында. Мысалы, Ираннан есірткі тасымалдайтын контрабанданы тоқтату үшін деп түркімен басшылығы тәжіктің жүк тиелген көліктеріне тыйым салғаны есіңізде ме? Ол кезде ондаған жүк көліктері жиналып қалған болатын. Мұндай қадамға баруға қаншалықты нақты қандай негіз болғанын білмеймін, бірақ түркімен кедені мен шекара қызметінің өте жақсы жабдықталғанын ескерсек, бұл жағдайда ешбір логикалық қисын жоқ. Бердимухамедов билікке келе салысымен, есірткі контрабандасын түбімен жою үшін аталған қызмет түрлерін техникалық құралдармен жабдықтауды қолға алды. Бірақ дәл осы себеппен жүк көліктерін өткізбейді. Әлбетте, осыдан соң екі ел арасындағы қарым-қатынас бұзылды.

-Түркіменстан билігінің жаһандық терроризмге қарсы тұрар қауқары бар ма, қалай ойлайсыз? Жалпы түркімен қоғамында радикалды діни нынам-сенімге байланысты түрлі көзқарастар бой көтеріп жатқан жоқ па?

- Күштік құрылымдар жазасыз әрекет етіп, кіріс азайып, жастар ақша мен тамыр-таныссыз оқуға түсе алмай жүрген қазіргі жағдайымызда адамдар өз сұрақтарына жауапты тек діннен іздеуі әбден ықтимал деп айта аламын. Сауалдарына жауап іздеймін деп астыртын ұйымдарға кетіп жатқан адамдар турасында біршама жайттарды білемін. Арнайы қызмет өкілдері де әрекетсіз жүрген жоқ. Бейресми мұсылмандар ұйымын құрып, ислам негіздері, қоршаған ортаға қарым-қатынас, үлкендерді сыйлау жайлы түсіндірумен айналысқан Лебап облысының тұрғыны Бахрам Сапаровтың ісі әлі күнге дейін бәрінің есінде. Билік бұдан қауіп-қатер көрді. Бейресми мұсылман ұйымының өзге мүшелері сияқты, Бахрам Сапаров та ұзақ мерзімге сотталды. Әуел бастан Бахрамға 15 жыл жаза мерзімі берілсе, тағы да бірнеше жағдайға байланысты кейін қорытындысында тағы қосылды. Менің есебім бойынша, барлығы 65-70 адам болған, олардың ең жасы 17 жасар Айбек Атаджанов еді. Олар енді түрмеден тек қарт адам болып шығады. Сондай-ақ, олардың ешбірі жұмыссыз болмаған, әрқайсының айналысып жүрген кәсібі болатын. Бахрам Сапаровтың өзі әуежайда ЖЖМ жабдықтау бөлімінде жұмыс жасаған.

- Яғни олар қолындағы соңғы нанынан айырылып, шарасыздықтан кеткен жоқ. Бұл ұйымға қоғамның жұмыспен қамтылған бір бөлігінен шыққан болып отыр ғой?

- Иа олардың барлығы жұмыс жасаған, бірі базарда сауда жасаған, енді бірі шаштараз болған. Таяуда ғана  дәл осыған ұқсас бір жағдай орын алды. Гюлен қозғалысына қатысы бар деген күдікпен 18 адамға айып тағылды. Тағы да табысы бар адамдар тұтқынға алынып отыр. Олардың бірі – атақты кәсіпкер Ресулберды Атагельдыев 25 жылға сотталды. Тұтқындалғандардың барлығы түрік мектептері мен жоғары оқу орындарының түлектері және ұстаздары, жеке кәсіппен айналысқан.

- Қанша жерден қайғылы оқиға болса да, бір жағынан үміт бар. Бұл дегеніміз, репрессияға қарамастан интеллегенцияның соңғы өкілдері, қоғамның белсенді мүшелері наразылық білдіргісі келеді, жағдайды өзгерткісі келеді деген сөз емес пе? Жалпы қалай ойлайсыз, қоғамның наразылық әлеуеті артуда деп айтуға бола ма?

- Бір жағынан алып қарасаңыз халық – ұйқыда. Бірақ жайдан-жай ұйықтап жатқан жоқ, кеудесін көтере қалса басынан айырылатынын біліп жатыр. Өзінің ғана емес, барлық жақын жандары мен туыстарынан айырылатынын біледі. Ұжымдық жазалау түрі біздің елде жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан да, біреу басын көтерді ме, барлық туыстары одан бас тартып, ешбір қатысымыз жоқ деп шығуы мүмкін. Көшбасшы жоқ. Адамдар арасында ешбір коммуникация жоқ.  Иа, белгілі бір ақпаратты біреуден біреуге жеткізуге болады, бірақ орталықтанған байланыс каналы жоқ, әлеуметтік желілер бұғатталуда, қол жетімді бірде-бір желі жоқ. ИМО қызмет көрсету түрі бар, алайда оның функциялары шектеулі, бұл тек аудио және мәтіннен тұратын байланыс түрі. Адамдарды ақпараттандыру, жаңалықтар каналы немесе жай ортақ топ құру мүмкін болатын фунциясы жоқ. Еліміздің белсенділері, журналистер мен құқық қорғаушылар шет елдерде жүріп үлкен жұмыс жасайды, бірақ оның бәрі бос, халыққа жетпейді. Ғаламторда еркін жұмыс істей алатын адамдар саны өте аз, өте төмен, байланыс сапасы нашар, ғаламторға қосылу қымбат. Үйде wi-fi қосуға көп адамның мүмкіндігі жоқ, себебі бір айлық тариф – 100 манат, ол дегеніңіз орташа жалақының алтыдан бір бөлігі. Сол үшін де ғаламторға қосылған адам соны өте аз.

- Қалай ойлайсыз, Түркіменстанды сириялық сценарий күтіп тұр ма? Түркіменстанның  ИЛИМ шырмауығына түсу қаупі бар ма?

- ДАИШ пайда болғалы бері бұл сценарий туралы айтылып жүр, бірақ олардың Түркіменстанға келер түрі жоқ. Мен оған сенбеймін. Біріншіден, біздің шекара жақсы қорғалған. Екіншіден, барлығының жайын біліп отыратын арнайы қызмет өкілдерінің де көмегі зор. Бағымызға орай, Түркіменстан әзірге мұндай сценарийлерден алыс. Үшіншіден, біздің қоғам басқа. Ресейдің ықпалы мен оған жақын орналасуымыздың орны ерекше. Біз әлемге, тұрмысқа, қоғамның орналасуына өзгеше қараймыз. Араб елдері халқына тән элементтер түркімендер үшін мүлдем бөлек. Ел арасында немесе сыртта жүріп, Түркімен заңына шариатты қосқысы келетіндер бар, бірақ олардың саны мардымсыз.

- Яғни,  Түркіменстан саналы түрде зайырлы мемлекет?

- Біздің зайырлылығымыз түркімен ұлтының дәстүрімен тоғысқан. Түркіменге тән зайырлылықты Ресейдікімен салыстыруға келмейді. Мәдени салтымыз бен дәстүрімізде түркімендік ерекшелік қалыптасқан. Діни өмір сүру салтына қарағанда, зайырлы болуға жақын екеніміз айдан анық.

- Ресейге жақынбыз деп атап өттіңіз. Сіздің ойыңызша, Ресей немесе басқа біреу келіп, Түркіменстандағы жағдайға тосқауыл бола ала ма? Біздің мемлекеттеріміздің бірі алпауыт елдер айқасатын алаңға айналуы мүмкін бе?

-  Бұл жайында баяғыдан бері әрі өте жиі айтылып жүр, бірақ ондайды Түркіменстаннан көрмейміз. Энергия ресурстарына бай Түркіменстан геосаяси жағынан және Азия, Еуропа мен Таяу Шығыс түйісіп жатқандықтан географиялық жағынан да қызығушылық тудыра алады. Соған қарамастан ешбір айқасты байқап та, болжап отырған жоқпыз. Қытай жолындағылардың барлығын жаншып, Орталық Азия елдеріне оңды-солды несие таратып, өзінің экономикалық жолымен келе жатыр. Болашақта не болары, бұл шаруаның соңы немен тынарын айту қиын. Батыстың Түркіменстанға қызығушылығы аз, әсіресе АҚШ-тың. Меніңше, Дональд Трамп билікке келгелі бері Орталық Азия мен Түркіменстанды мүлдем ұмытқан сыңайлы.

- Өкінішке орай, сізбен толық келісемін. Бірақ, экономикалық мүдде жағынан қарастыратын болсақ, «Танап» сияқты Еуропаға газ тасымалдаумен айналысатын жобаларға батыс қызықпай ма?

- Бір қарағандай барлығы оңай емес. Транскаспий газ құбыры жайлы 20 жылға жуық айтылып келеді, Ауғанстан, Пәкістан арқылы Индияға өтетін құбыр желісі туралы да дәл солай. Тұрақсыз Ауғанстан арқылы, таяу арада жасалған Каспий статусының құқығы жайлы келісімге қарамастан теңізден құбыр өткізу - оның барлығы оңай шаруа емес. Өз мүмкіндіктерін арттыру үшін Түркіменстанға қаржы керек. Газ бар делік, бірақ жер қойнауынан алып шығу керек. Мысалы, жақында батыста полипропилен зауыты ашылды, кейбір деректерге сүйенсек, жыл сайын оған 5 млн куб метр газ, ал өзіміздің  ішкі қолданысқа 20-30 млрд куб метр газ қажет. Оның үстіне Қытайға, енді міне Ресейге экспорттау керек. Бірақ, ең бастысы газ орнын игеріп әрі өңдеу үшін де қазіргі таңда қаражат жоқ.

- Аркадагтың ұлының жергілікті элита алдында беделі бар ма? Оны аталған проблемаларды шеше алатын адам деп атай аласыз ба?

- Оның беделі бар, бірақ тікелей әкесімен байланысты. Әкесі болмаса, ол да қарапайым адамдардың бірі атанар еді. Сердар Бердымухамедовтың Швейцариядағы сабақ берген ұстаздарымен таныспын. Олардың айтуынша, ешбір бастамасы жоқ, шешім қабылдауды білмейтін, өз бетінше жүре алмайтын адам.

- Әдеттегідей жай ғана бай баласы?

- Иа. Оны әкесінің орнына мұрагер ретінде дайындап жатқаны белгілі, бірақ қандай президент атанып, қандай саясат жүргізетінін білмедім.

- Мүмкін Түркіменстан билігіне авторитарлы көшбасшыдан гөрі, дәл осындай жасық мінезді мирасқор керек шығар? Тәуекел қаншалықты көп болса да, мүмкіндік те соншалықты мол. Бердымухамедовтың жалпы психологиялық ахуалы қалай? Үкімет отырысында, тіпті, зілтемір көтеруге дейін барған дейді?

- Мен дәрігер емеспін, бірақ жағдай аса мәз емес сияқты. Менің ойымша ол айналасында не боп жатқананын түсініп жүрген жоқ. Мемлекеттік басқару өз бетімен кеткен. Соңы не болады деп алаңдап жүрген  ол жақ, ойының барлығы жылтырақ дүниелер, брендті киімдер, шоу, сахна...Велосипед, көлік немесе вертолетті мақтаныш етіп жүргенді ұнатады. Оның рөлі сәндік сипатқа ие болғалы бері, Ашхабадтың өзінде оны сайқымазақ дегеннен басқа жол жоқ. Осының барлығы оған не үшін қажет екенін түсінбеймін. Ол өзін қатты ұнатады, өзгелердің де оны ұнатқанын, мақтағанын қалайды, бұл сүйіспеншіліктің шектен шығуы соншалық –әлем алдында күлкіге айналып отыр.

- Аркадаг сән үшін ғана жүрген тұлға, ал ұлы тым жасық мінезді делік. Сонда елдегі биліктің мығымдығы кімнің арқасында? Жүйе еш ақаусыз жұмыс істеп жатыр, сонда оның жанында Берия немесе Хрущев сияқты сенімді серіктесі бар ма? Әдетте мұндай көшбасшының маңайындағылар – мықты  оппозиционерлер болып шығады. Стандартты сценарий мынадай: оның ортасындағы адамдардың амбициясы артып, аш адамдар мен құлдырап жатқан экономика сияқты орынсыз дүниелермен Аркадагтың басын қатырмай, ақпараттық оқшаулану негізінде жағдайды өз мүдделеріне пайдаланады. Бірақ бұл шығыс қой. Мұндай оқиғалардың соңы жақсылыққа апармайды.

- Менің ойымша, Түркіменстанды шынымен басқарушы адамдар жергілікті шенеуніктерге немесе министрлерге тапсырма беріп отырады. Әлбетте олар Бердімухамедовтың айналасындағы адамдар. Мүмкін кезінде Ниязовтың кеңесшісі болғандар шығар, олар да шынайылықтан адасып, сарайларында бастарын бұғып отыр. Бұрынғы лауазымды шенеуніктердің бірімен сөйлесіп көргенмін, оның айтуынша президентпен қандай да бір мәселе бойынша  сөйлесу мүмкін емес. Ол үшін бірнеше деңгейден, президент аппаратынан өту керек, ал нәтижесінде кез-келген дүние үшін министрлер жауап береді, ал олар қателікке ұрынар болса, қатаң сөгіс алады. Бірақ осы уақытқа дейін өзінің болмағаны жайлы президент әсте ұмытып жатады, раллиге қатысып, бала-шағасымен ойнап күліп немесе кезекті әнін жаздырып жатқан болып шығады..

-  Мұндай ұжымдық ессіздік қолдан жасалған құрал дегіңіз келе ме?

- Солай десе де болады.

- Бірнеше күн бұрын егін бүлігін жасауға әрекет болған деседі. Осыдан кейін репрессияның жаңа толқыны орын алған жоқ па?

- Репрессия ешқашан тоқтаған емес. Билік әр басылым сайын кім қайда қандай ақпарат жібергенін білгісі кеп отырады. Тіпті банкоматтың алдындағы бақылау камерасын қарайды. Жаппай бақылау үстінде бәрі. Азық-түлікке келер болсақ, оның өзінде ешбір проблема жоқ. Проблема –халықта: кедейлік, жұмыссыздық, көптеген мекемелерде жүріп жатқан қысқарту. Азық болса да, сатып алар ақша жоқ. Базар бағасы бойынша қымбат, ал тіркелген бағамен сатылатын дүниеге ұзыннан-ұзақ кезекке тұру керек. Қарапайым халықтың базардан қажетті азық-түлікті нарықтық бағамен сатып ала алмауы – нағыз проблема.

Перевод: Кульпаш Сынбат

Оставить комментарий

Общество

ЭЛИТА «АЛАШ» И СТУДЕНТЫ ЕДУТ НА ЗАПАДНЫЙ ФРОНТ ЭЛИТА «АЛАШ» И СТУДЕНТЫ ЕДУТ НА ЗАПАДНЫЙ ФРОНТ
Султан Хан Аккулы
Проезд в автобусах дорожает, а качество услуг снижается Проезд в автобусах дорожает, а качество услуг снижается
Редакция Exclusive
Путешествие на родину президента Путешествие на родину президента
Ботагоз Сейдахметова
Основной инстинкт власти Основной инстинкт власти
Редакция Exclusive
Продовольствие в стране дорожает Продовольствие в стране дорожает
Редакция Exclusive
Роль женщины - позвать за стол перемирия Роль женщины - позвать за стол перемирия
Карлыгаш Еженова
Международное сотрудничество финансируется недостаточно Международное сотрудничество финансируется недостаточно
Редакция Exclusive
КАЗАХИ И ПЕРВАЯ МИРОВАЯ ВОЙНА КАЗАХИ И ПЕРВАЯ МИРОВАЯ ВОЙНА
Султан Хан Аккулы
«А у вас зато негров линчуют!» «А у вас зато негров линчуют!»
Аскар Муминов
Экспорт угля за год сократился на 18% Экспорт угля за год сократился на 18%
Редакция Exclusive
Наши ресурсы уже распределены Наши ресурсы уже распределены
Редакция Exclusive
Евгений Жовтис: Большинство из нас лишено доступа к квалифицированной юридической помощи Евгений Жовтис: Большинство из нас лишено доступа к квалифицированной юридической помощи
Редакция Exclusive
Казахстан и Россия страдают от одинаковых неурядиц Казахстан и Россия страдают от одинаковых неурядиц
Аскар Муминов
Мозги у нас выдающиеся, но с руками прямо ЧС Мозги у нас выдающиеся, но с руками прямо ЧС
Редакция Exclusive
Урожайность пшеницы растет второй год Урожайность пшеницы растет второй год
Редакция Exclusive
Трамп грабит будущих американцев Трамп грабит будущих американцев
Редакция Exclusive
Россия, Азербайджан и Китай ощутили зависимость от Казахстана Россия, Азербайджан и Китай ощутили зависимость от Казахстана
Редакция Exclusive
Животноводство вредит экологии Животноводство вредит экологии
Редакция Exclusive
Местные компании пока не нацелены на экспорт Местные компании пока не нацелены на экспорт
Редакция Exclusive
Курс на Сингапур Курс на Сингапур
Редакция Exclusive
Право на митинги стало нарушаться чаще Право на митинги стало нарушаться чаще
Редакция Exclusive
Гендерный вопрос и арабский город Гендерный вопрос и арабский город
Редакция Exclusive
Мы зашли слишком далеко в гиперглобализации Мы зашли слишком далеко в гиперглобализации
Редакция Exclusive
Товарооборот Казахстана вырос на 22% за год Товарооборот Казахстана вырос на 22% за год
Редакция Exclusive
Пока не потеряли почву Пока не потеряли почву
Парыз Байтенов
Заграница нам поможет Заграница нам поможет
Редакция Exclusive
Проекты адаптации стоят $90 триллионов Проекты адаптации стоят $90 триллионов
Редакция Exclusive
Ехать за стрижкой надо в Актобе и Талдыкорган Ехать за стрижкой надо в Актобе и Талдыкорган
Редакция Exclusive
Назарбаев созрел для политической карьеры Назарбаев созрел для политической карьеры
Карлыгаш Еженова
Перемелется - мука будет Перемелется - мука будет
Редакция Exclusive
Авторынок чутко реагирует на кризисы Авторынок чутко реагирует на кризисы
Редакция Exclusive
Как казахи Китай и Индонезию покоряли Как казахи Китай и Индонезию покоряли
Редакция Exclusive
Страна неумеренной алчности Страна неумеренной алчности
Редакция Exclusive
FlyArystan обещает объединить людей FlyArystan обещает объединить людей
Редакция Exclusive
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33