суббота, 21 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақстандықтар неліктен сот жүйесіне сенбейді?

Азаматтар сот жүйесіне сенімді арттыру мәселесін жиі қозғап жүр. Оны қалай жүзеге асыру керектігі туралы Total.kz Құқықтық саясатты зерттеу орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Нурумовпен тілдескен болатын.

 

Дмитрий Нурумов

 

ТОТАЛ: Дмитрий, Қазақстанда тұрғындардың соттарға сенімін арттырудың қандай тиімді әдістерін пайдалануға болады?

НУРУМОВ: Біздегі сот жүйесі ақауларының бірі әділдікке жаңа сұранымдар қалыптастыратын қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тез жауап қайтару қабілетінің жоқтығы екені баршамызға белгілі. Кез-келген сот шешімі идеалды нұсқада тек заңды ғана емес, сонымен қатар әділетті болуы тиіс. Соттар заңды қолданады, алайда қоғамда неліктен дәл сондай шешім қабылданғаны туралы түсінік бола бермейді. Басқаша айтқанда, сот актісінің әділдігіне қатысты сот пен азаматтардың ұстанымдары алшақ. Азаматтардың жиі жағдайда жемқорлық байланыстарды соттағы істің нәтижесіне ықпал етеді деп есептейтіні құпия емес. Менің ойымша, кәсіби сот жүйесін барынша жылдам реформалаудан бөлек, бізге бір түбегейлі шешімді – сотқа халықтың қатысуын енгізу қажет. Конституциямыз азаматтардың сот ісіне араласуын тікелей қарастырады, алайда іс жүзінде ол «семіп қалды». Бүгінде оған тек сирек жағдайларда ғана жүгінуге болады. Ол бар сияқты, ал анықтап қарасаң – ол жоқ.

ТОТАЛ: Азаматтардың әділ сотты жүзеге асыруға қатысу құқығы дегенде сіз нені айтқыңыз келді?

НУРУМОВ: Мен алқабилер сотының классикалық үлгісін айтамын. Ол адам құқығы сақталуының маңызды кепілдігі. Шын мәнінде Қазақстанда халықтық қатысу тек сотта қаралуға тиісті істердің санаулы болуынан ғана емес, толыққанды алқабилер соты деп саналмайтын халықтық қатысу үлгісінің таңдалуы себепті де минимумға жеткізілген. Бұл аралас сот. Мысалға айтар болсақ, кеңестік кезеңде де халық қосшы билері қатысатын соттар болған. Бұл да аралас сот. Ол өзін аса теріс жағынан көрсетті.

Алқабилер соты – еркін азаматтың құқықтарын құрметтейтін демократиялық қоғамның бір белгісі. Әрине ресми халықтық қатысудың барлық түрлері және барлық кезде тек еркін елдердің белгісі болып табылмайды. Алайда тарихта мұндай соттың сот жүйесін реформалаудың және оған азаматтар тарапынан білдірілетін сенімді арттыру құралы болғанының үлгісі көп. Кейде алқабилер сотының шешімі ресми заңнамалық логика тұрғысынан даулы болуы мүмкін, алайда ол айыпталушыларға теңдік сотымен сотталу кепілдігін береді. Классикалық үлгідегі алқабилер соты жанды сот, мұнда сот әділдігі мемлекет құрастырған жалпылама үлгі бойынша өлшенбейді. Екінші жағынан алқабилер соты қатардағы азаматқа әділетті сот үрдісіне қатысуға, нақтылы бір қылмыстық іске қатысты әділетті деген шешім туралы өз даусы мен пікіріне ие болу құқығын береді.

 

ТОТАЛ: Қазақстанда алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот үрдісі 11 жылдан астам уақыт бар. Неліктен ол азаматтардың сотқа деген сенімдерін арттырмады? Оның қысқартылған үлгі болуы себепті ме, әлде басқа да себептері бар ма?

НУРУМОВ: Кез-келген механизм, ал алқабилер соты сынды күрделі әрі нәзік механизм тіпті дұрыс жолға қою мен күтімді қажет етеді. Алқабилер сотының жемісті қызмет атқаруының міндетті шарттарының бірі оның соттардың қызметіне тәуелді болмай, еркін «тыныстауы» болып табылады. Бұл халықтық қатысудың барлық үлгілеріне қатысты, алайда аралас үлгіде бұл аса маңызды. Себебі толыққанды алқабилер сотымен салыстырғанда, мұнда кәсіби соттардың тарапынан қысым көрсетілуі мүмкін. Толыққанды алқабилер сотымен салыстырғанда, мұндай аралас үлгі алқабилер дербестігінің кепілдігін қамтамасыз етуге көбірек назар аударуды талап етеді. Қазақстанда дәл осындай үлгі. Сот мәжіліс бөлмесінде алқабилермен бірге болады. Сонымен қатар алқабилердің қатысуымен өткізілетін болашақ соттың тәртіпке келтірілмегендігін сот статистикасы мен аталған институтты максималды түрде әрі орынсыз шектеу, меніңше тіпті әдейі, алқабилердің қатысуымен қаралатын істерді жасанды түрде азайту тәжірибелері көрсетеді.

ТОТАЛ: Біздің елімізде істің сотта қаралуын шектеу алқабилер сотынан қалай көрініс тауып жатқандығының мысалдарын клетіре аласыз ба?

НУРУМОВ: 2007 жылы алқабилер соты институты құрылған сәттен 2009 жылдың соңына дейін Қазақстандағы алқабилердің қатысуымен өткізілетін істердің сотта қаралуы өзгеріссіз болатын. Институт пайда болған алғашқы үш жылда алқабилердің қатысуымен қарастырылған істердің саны екі есе өскенімен (2007 ж. – 36 іс, 2008 ж. – 42 іс, 2009 ж. – 60 іс), мұндай сотта қаралатын істердің шектеулігіне байланысты ол қылмыстық іс жүргізудің сирек формасы ретінде қала берді. Дегенмен үш жылда алқабилердің қатысуымен қарастырылған істердің артқаны байқалады, институт пайда болған алғашқы жылдағы істерден 66,7%-ға өсім байқалады. 2010-2013 жылдар аралығы алқаилердің қатысуымен өткізілетін соттар үшін ең қолайлы кезең болды. Бұл ең алдымен 2010 жылы алқабилердің қатысуымен қаралатын сот істерінің кеңейтілуімен байланысты, бұл кезеңде ҚР ҚПК өзгерістер енгізілді, оған сәйкес аса ауыр қылмыстар туралы барлық дерлік баптар алқабилердің қатысуымен қарастырыла алатын. Бұл қадам алқабилердің қатысуымен қаралатын сот істері санының күрт өсуіне алып келді. 2010 жылы 265 іс қаралса, ал 2011 жылы – 339 іс қаралды. Осылайша екі жыл ішінде, істің сотта қаралуына өзгеріс енгізілуімен қаралатын істердің саны рекордты 465% жетті. Қылмыс жасады деп айыпталғандар алқабилер сотының пайдасына таңдау жасауды жиілетті, бұл негізінен халықтық сот әділдігіне жоғары сенімнің көрсеткіші. Бұл қылмыстық сот төрелігіндегі төңкеріс болатын. Халықтың қатысуымен өткізілетін сот, тіпті аралас үлгіде де, сот жүйесінің жанды бөлігіне айналып қана қоймай, оның сайыскерлігі мен тәуелсіздігі жолындағы қозғалтқышына айналды.

2011 жылдың соңында сот ісін қарау қайта өзгертілді. Өзгерістерге сәйкес, алқабилердің қатысуымен қаралатын сот ісі аса ауыр қылмыстар бойынша істерді қарастыратын, алайда бұл жолы ескертпелердің тізімі үлкен болды. Бұл автоматты түрде қаралатын істердің санының 18,6%-ға қысқаруына әкеп соқты. Аталған өзгерістер енгізілгеннен кейін бір жарым жылдан соң, 2013 жылдың 3 шілдесінде Қазақстандағы алқабилер институты үшін қатерлі кезекті өзгерістер енгізілді. Сот ісі қаралуының түбегейлі өзгерісі Қазақстанда алқабилердің қатысуымен қаралатын сот істерінің шұғыл азаюына алып келді. Институт қарауынан түгелдей бір категория – аса ауыр қылмыстар алынып тасталды. 2013 жылы бекітілген көлемде алқабилердің қатысуымен қаралатын сот Қазақстанда 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бұл ҚР-да алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің күрт азаюына әкеп соқтырды. Осылайша 2013 жылы 190 іс қаралса, 2014 жылы – 64 іс, ал 2015 жылы тек 42 іс қаралды. Істің сотта        қаралуының өзгерісіне байланысты сот істерінің саны 2012 жылдан 2015 жылға дейін 84,8%-ға азайды. Іс жүзінде бұл алқабилердің қатысуымен қаралатын сот істерін 2008 жылғы деңгейге дейін төмендеуіне әкелді, ол кезде қаралатын сот істері қылмыстық заң бойынша өлім жазасы қарастырылған қылмыстармен шектелген болатын. 2016 жылы 47 іс қаралды, 2017 жылы – 72. Үстіміздегі жылы Қазақстанның сот жүйесіндегі мұндай істердің тағы да айтарлықтай қысқаруын болжап отырмын.

ТОТАЛ: Сот жүйесінің бұл мәселеге расымен көңіл аудармағаны ма? Жоғарғы сот сотқа сенімділікті арттырудың жаңа жолдарын үнемі ізденіс үстінде.

НУРУМОВ: Әрине Жоғарғы сот өкілдері де сотта қаралатын істерді кеңейту мәселесін талқылады. Бұл ұстаным 2015 жылғы мамыр айында Жоғарғы сот өкілі Рахметулинмен айтылған болатын. Ол мемлекеттің конституциялық құқығына қол сұғушылықпен байланысты қылмыстардан басқа барлық аса ауыр қылмыстарды алқабилер сотының қарауына тапсыруды ұсынды. Менің пікіріп келесідей, Қазақстандағы кәсіби соттар халықтық қатысуды кеңейтудің біраз уақыттан бергі жақтаушылары ғана емес, олар сот төрелігін нағыз алқабилер сотына жіберуге дайын. 

Сондай-ақ аталған мәселеге президент екі мәрте назар аударды. Алғаш рет 2015 жылы, «100 қадам» Ұлт жоспарының 21-қадамында алқабилер соты міндетті болып табылатын қылмыстық істердің санатын заңнамалық тұрғыда анықтау қажеттілігін атады. Өкінішке орай 2015 жылы алқабилер сотының өкілеттігін кеңейту турал заңнамадағы мардымсыз өзгерістер президент пен сот жүйесі өкілдері айтқан масштабқа анық сәйкес келмейді.

Екінші рет алқабилер сотының өкілеттігін кеңейту жөніндегі ұсыныс осы жылы Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айтылды. Стратегиялық жоспардың «Жемқорлықсыз құқықтық мемлекет» атты төртінші реформасының шеңберінде 4.12. Бастамасы қарастырылған, ол алқабилер сотының механизмін жақсартуға және қолданылу аясын әрі қарай кеңейтуге арналған. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес міндеттердің орындалуына байланысты алқабилердің қатысуымен өткізілетін сотта жаңа реформалар күтілуде. Келешек реформалар Қазақстандағы сот төрелігін қамтамасыз етудегі халықтың қатысуын қалыптастыру мен дамытуың көпжылдық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

ТОТАЛ: Сонымен сіздің пікіріңізше Қазақстанда алқабилер сотын дамыту үшін біз ең алдымен не істеуіміз қажет?

НУРУМОВ: Аралас үлгі бойынша алқабилердің сотқа қатысуы арқылы сот ісін қарауды жалғастырар болсақ, біздің көзқарасымыз бойынша, ол ауыр қылмыстарға қатысты барлық істерге тарала алады, ал аса ауыр қылмыстар санатындағылар үшін ресейлік немесе американдық нұсқа бойынша классикалық алқабилер соты енгізілуі тиіс. 2005 жылы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның Жұмысшы тобы Қазақстанда классикалық алқабилер сотын енгізуді қарастыратын заңнаманы әзірлеген болатын. Ол дауыс беруге шығарылып, алайда техникалық себептерге байланысты қажетті дауыстарды жинай алмаған болатын. Мүмкін осы аталған заңнамаға қайта оралған дұрыс болар.

Дереккөз: https://total.kz/ru/news/mneniya/pochemu_kazahstantsi_ne_doveryaut_sudebnoi_sisteme_date_2018_10_23_11_57_57

Оставить комментарий

Общество

Алқабилердің қатысуымен өткізілетін қазақстандық сот: отандық ерекшеліктер Алқабилердің қатысуымен өткізілетін қазақстандық сот: отандық ерекшеліктер
Редакция Exclusive
Қазақстанға алқабилер сотының классикалық үлгісі қажет Қазақстанға алқабилер сотының классикалық үлгісі қажет
Редакция Exclusive
Суд присяжных. Непростой казахстанский опыт Суд присяжных. Непростой казахстанский опыт
Ботагоз Сейдахметова
Удорожание сигарет - вопрос времени Удорожание сигарет - вопрос времени
Редакция Exclusive
Центральная Азия не имеет значимого влияния во внешней политике США Центральная Азия не имеет значимого влияния во внешней политике США
Аскар Муминов
Памяти Шакена Айманова Памяти Шакена Айманова
Сара Садык
О происхождении ариев и саков О происхождении ариев и саков
Редакция Exclusive
Дина Кирнарская: «Людей смешно делить на гуманитарев и технарей»  Дина Кирнарская: «Людей смешно делить на гуманитарев и технарей» 
Карлыгаш Еженова
Тщательно пережевывая пищу, ты помогаешь обществу Тщательно пережевывая пищу, ты помогаешь обществу
Редакция Exclusive
Дети - это актив государства Дети - это актив государства
Сара Садык
В стране модернизируют 20 вузов и 180 колледжей В стране модернизируют 20 вузов и 180 колледжей
Редакция Exclusive
О происхождении тюрков О происхождении тюрков
Редакция Exclusive
Казахское счастье Казахское счастье
Аскар Муминов
Расстрел без права переписки Расстрел без права переписки
Сара Садык
Андрей Орлов: Прислушайся, они уже идут Андрей Орлов: Прислушайся, они уже идут
Редакция Exclusive
Изоляция ради выживания Изоляция ради выживания
Редакция Exclusive
Сетевые БАЙТЕ'речи Сетевые БАЙТЕ'речи
Редакция Exclusive
Игорь Губерман: Чтобы живыми нас любили, как на поминках любят нас Игорь Губерман: Чтобы живыми нас любили, как на поминках любят нас
Редакция Exclusive
 «Дипломат в сандалиях»  «Дипломат в сандалиях»
Редакция Exclusive
Быть одним из многих – незавидная судьба Быть одним из многих – незавидная судьба
Сара Садык
«Лучшего врача года» выбрали в Алматы «Лучшего врача года» выбрали в Алматы
Редакция Exclusive
Система образования должна отвечать на запросы рынка труда Система образования должна отвечать на запросы рынка труда
Алия Кадырова
Парадоксы казахстанской молодежи Парадоксы казахстанской молодежи
Аскар Муминов
Химическая кастрация: месть или наказание? Химическая кастрация: месть или наказание?
Сара Садык
Марат Гельман: Хороший художник – мёртвый художник Марат Гельман: Хороший художник – мёртвый художник
Редакция Exclusive
Джохар Утебеков "Жакип Асанов молодец, но ему трудно сломать систему" Джохар Утебеков "Жакип Асанов молодец, но ему трудно сломать систему"
Аскар Муминов
Беречь природу дешевле, чем разрушать  Беречь природу дешевле, чем разрушать 
Редакция Exclusive
Сетевые БАЙТЕ'речи Сетевые БАЙТЕ'речи
Редакция Exclusive
Депардье знает, почему русские не любят Достоевского Депардье знает, почему русские не любят Достоевского
Мерей Сугирбаева
Цыганка Эсмеральда запела на казахском Цыганка Эсмеральда запела на казахском
Редакция Exclusive
Сетевые БАЙТЕ'речи Сетевые БАЙТЕ'речи
Редакция Exclusive
“Жаңа Қазақстан” жауап береді “Жаңа Қазақстан” жауап береді
Редакция Exclusive
Темные тени тайного мира Темные тени тайного мира
Мерей Сугирбаева
Бюджетные офисы подорожали Бюджетные офисы подорожали
Редакция Exclusive
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33