воскресенье, 03 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қазақстандық ғалымдар Top Springer Author халықаралық сыйлығының лауреаттары атанды

2016 жылдың 4 қарашасында Алматыда Springer Nature ірі халықаралық баспасы мен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ тағайындаған ғылым мен техника саласындағы Top Springer Author тәуелсіз сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған шараға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ғалымдары қатысты.

Биыл сыйлықтың лауреаттары атанғандар: Қазақстаннан - 18 ғалым, Қырғызстаннан - 2 ғалым: Миррахимов Айбек (медицина), Урусов Руслан (төмен температуралық плазманы математикалық модельдеу); Өзбекстан ғалымдары: Розиков Уткир Абдуллоевич (математика), Оксенгендлер Борис Леонидович (химия және полимерлер физикасы); Тәжікстаннан - 2 ғалым: Солиев Лутфулло (жалпы және органикалық емес химия), Ганиев Изатулло Наврузович (химия, металлургия).

Қазақстан ғалымдарының ішінен Top Springer Author номинациясында атап өтілгендер: Мырзақұлов Ратбай, математика, теориялық физика, биофизика, Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы – биоорганикалық химия және табиғи қоспалар химиясы, Қасенов Болат Қоңырұлы – органикалық емес химия, физикалық химия, химиялық термодинамика, материалтану, Жүсіпов Марат Әбжанұлы – теориялық ядролық физика, Нұрсұлтанов Ерлан Дәуітбекұлы – математика, Ыбыраева Елена Төлеубекқызы – ядролық физика, Қайырбеков Жақсынтай – химия, Имамбеков Оңалсын – физика.

Қазақстан ғалымдарынан Top Springer Author «Жас ғалымдар» аталымында атап өтілгендер: Здоровец Максим – ядролық физика, нанотехнологиялар және жаңа материалдар, Тоқмағамбетов Нияз – математика, Оралбеков Болат – химия, Артем Козловский – магниттік наноқұрылымдар, радиациялық материалтану, Сайлауханұлы Ерболат – аналитикалық химия, қоршаған ортаның химиясы, Анастасия Машенцева – химия, Илона Матвеева – химия, Гүлнура Исанова – жер туралы ғылымдар.

«Биыл Еуразия университетінің жанынан ядролық физика институты жасаған ауыр иондарды жеделдеткіш жаңа құрылғының іске қосылғанына 10 жыл толды. Әлемде баламасы жоқ осы машинаның арқасында біз өзіміздің ғылыми еңбектерімізді жариялап жүрміз. Ғалымдар үшін маңызға ие ең басты көрсеткіштер – оның жарияланымдық белсенділігі, сандық көрсеткіштер. Ғалымдар үшін материалдары көбірек жарияланған сайын, оның еңбектерінің рейтингі өсіп, есімінің танымал болуы артады. Бұл - көп еңбекті талап ететін жұмыстың нәтижесі, және жас ғалымдарды ары қарай дамуға ынталандыратын үлкен мүмкіндік. 5 жылдың ішінде мен 29 мақала мен 70-ке жуық дәйексөз жарияладым. Біздің ғылыми жұмысымыздың табысы – командалық жұмыстың нәтижесі, - деп атап көрсетті Ядролық физика институтының Астана филиалының директоры Максим Здоровец.

Қазақстан ғалымдарының ішінен Top Springer Author «Әлеуметтік ғылымдар» номинациясында атап өтілгендер: Алтай Мүсіров – экономика, Мира Нұрмаханова – экономика.

Баспа Top Springer Author сыйлығына қосымша Қазақстанның ең көп жарияланым жасаған үздік 10 ұйымын дипломдармен марапаттады: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Органикалық синтез және көмір химиясы институты, Физика-техникалық институт, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі, Назарбаев университет, Ә.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институты, Ұлттық ядролық орталық, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.

Springer Nature - 1842 жылы негізі қаланған әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми баспалардың бірі. 2015 жылдың мамыр айында оның позициялары күшейтілді және Palgrave Macmillan баспасына тиесілі Nature (Nature and Scientific American) баспа тобы және Springer Science+Business Media баспа компаниясы сияқты екі белгілі компанияны біріктіру арқылы Springer Nature компаниясы құрылды.

Springer Nature компаниясы және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, және қазақстандық университеттерінің стратегиялық әріптестігіне көп уақыт болды. Бүгінгі күні Қазақстаннан жарияланған мақалалар мен кітаптардың саны жөнінен № 1 баспа болып табылады. Мысалы, 2006 - 2016 жылдар аралығында Қазақстан ғалымдары Springer-дің 403 журналында 2 133 мақала жариялады. Осылайша, жыл сайын Қазақстан ғалымдары баспаның рейтингі жоғары журналдарында 300-ден аса мақала жариялайды, бұл шет елде жарияланатын қазақстандық мақалалардың жалпы көлемінің шамамен 15% құрайды. Қазақстан ғалымдарының шет елде жариялайтын әрбір бесінші мақаласы Springer Nature журналдарында жарық көреді.

Шара шеңберінде баспаның вице-президенті Аздаа Котани қазақстандық ғалымдар үшін Springer Nature баспасының мүмкіндіктері мен перспективалары туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, қатысушыларға баспаның өнімдері мен журналдары таныстырылды. Springer Nature спикерлері елдік шолу мен Орталық Азия елдері ғалымдарының жарияланымдық белсенділігіне талдау жасап, баспаның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат берді. Шара соңында жас ғалымдарға, авторларға және ғылыми ұйымдардың өкілдеріне жеке кеңестер берілді.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33