воскресенье, 24 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Темірторсыз түрме

1991 жылы бүкіл ел болып Тәуелсіздік алғанда бөркімізді аспанға лақтыра қуанып едік. Еркіндікті жалау еткен халқымыздың  жартсын жұтып жіберген пәлекет Қызыл империя құрдымға кетті деп сеніп едік. «Халықтар түрмесі» күйреп, таусылмас ұзақ қара түннен кейін Бостандық, Теңдік, Әділдік таңы атқанына иланып едік. Арада 25 жыл өтті. Тәуелсіздіктің кезекті мерейтойын атап өтпекші жамағат. Сондағысы игі жаңалықтармен бе әлде қайғылы сезіммен бе?

Қарап отырса, бұған дейін тойланған Тәуелсіздіктің әрбір мерейлі жасы қуаныштан көрі мұңға, мақтаныштан көрі өкінішке ұласқанын байқаймыз. Және әлгілердің дені Егемендікті баянды ету, оны халық игілігіне жарату емес, керісінше болды. Қысқаша ғана шолып өтсек:

Тәуелсіздіктік 5 жылдығы:

Елдің жоғын жоқтайын Жоғарғы Кеңестің таратылып, Қазақстанның бұдан былай парламенттік республика орнына супер-президенттік жүйеге аяқ басуы.

Тәуелсіздіктің 10 жылдығы:

Авторитарлық  үрдістірді тежеп, халықшыл билікті жасақтау қажеттігін ұран еткен Демократиялық таңдау қозғалысы қатқыл тұншықтырылды. Оның бастамашылары жаппай жұмыстан шығарылып, қудаланды, кейбірі тіпті түрмеге тағатылды.

Тәуелсіздіктің 15 жылдығы:

Қазақ демократиялық күштерінің көсемі Алтынбек Сәрсенбаев, оның алдында көрнекті қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов жауыздықпен өлтірілді. Соңынан өткізілген тергеу амалдары қылмыстардың нағыз орындаушылары мен тапсырушыларын тасада қалдырып, оның орнына қоғамға адам сенгісіз жорамалдар ұсынды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы:

Кәсіпорындағы жалақысын шетелдік қызметкерлермен теңестіруді өтініп, бейбіт ереуілге шыққан Жаңаөзен мұнайшыларының талаптарын құзырлы мекемелер жеті ай бойы елемей, керісінше зор қыспақтың астына алды. Онысына көндіре алмағаннан кейін жас жігіттерді хұқық қорғау орындары қырып салды, ал аман қалғандарын соттады.

Тәуелсізктің 25 жылдығы:

Қайырымсыз да жауыз заңдылық қайталанды. Ата-Бабадан мирас болып қалған жерді латифундистер мен шетелдіктерге беруге қарсылық танытып митингке шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аян бес жылға бас бостандығынан айрылды.

Түптеп келгенде бұл басып-жаншу әректтері жекелеген белсенділерді ғана нысанаға алды деп санау ағаттық. Шын мәнісінде сол арқылы әркез қоғамды үрейлету мен азаматтық ерік-жігерін шектеуді көздеген ескертпелер жолданып отырды: саястқа араласпау, билікті сынамау, жұмған ауызды ашпау т.б. Және заман өте ешбір қайтарымсыз қайталанып отырған қуғын-сүргін, тәуелсіз баспасөзді жабу, қастандықтарға қарар болсақ, бұл міндетке толықтай қол жеткізілді. 

Жалпы, Тәуелсіздік, Демократия, Әділетті қоғам деген маңызды атауларды биік мінбелерден жиі естісек те, олардың түпкілікті мән-мағынасы мен бағасын  түсіне бермейтін жағдайымыз бар. Солардың қатарында, айталық, Бостандық деген ұғым нені білдіреді? Халықаралық тәжірибеде бұл ең алдымен — ел саясатында әлеуметтік субъектілердің, яғни жеке адамдардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың, саяси партиялардың өз мақсаттары мен мүдделеріне орай әрекет жасау еркіндігі, құқықтық мүмкіндіктер мен хұқықтар аясы, сөз бен шеру бастандығы т.б.

Олай болса Атырауда өткен соңғы сот үкімі тек Макс пен Талғатқа ғана қатысты ма? Белгілі бір дәрежеде бас бостандығынан айырылған осы екі жігіт пе әлде барлығымыз ба? Кейде азаматтық хұқық пен еркіңнен шектеліп, өзіңді түрмеде сезіну үшін теміртордың қажеті шамалы.

Жазасыз қалған қандай да қылмыс қашан да сол қылмыстың қайталануына әкеліп соқтырады.

Шынында үзілмей келе жатқан бұл қасіретті оқиғалар тізбегі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен бастау алатыны хақ. Рас, кезінде “нашақор, бұзақы, алқаш, ұлтшыл” деп соққыға алынған, қыстың ызғарында мұздай сумен атқыланған, кейін оқудан шығарылып, түрмеге тағатылған, атылған жастар заман өте Отанын сүйген намысшыл азаматтар ретінде мойындалды. Олардың есімдері көше мен мектептерге берілді. Алайда, бұл үрдіс жартылай ғана іске асты. Себебі Желтоқсанның шындығы әлі күнге шейін ашылған жоқ. Көтерілістің бірқатар құрбандары ақталғанымен, көпшілігі моралдық та өмірлік шығыны өтелмей, арада ширек ғасыр өтсе де аянышты халде. Ал ең бастысы, жауыз бұйрықтарды бергендер де, орындағандар да, арын жоғалтапған жастарын сөгіп қаралаған шенділер мен зиялылар сол күйі еш жауапқа тартылған емес. Тіпті олардың бірталайы әлі де жоғарғы мансаптарды иеленіп, үнемі орден-медальдармен марапатталып келеді.      

Мәселенің түйіні - жазасыз қалған қандай да қылмыс қашан да сол қылмыстың қайталануына әкеліп соқтырады.  Бұл тарихи заңдылық. Және өз елімізде отырып орын алған сұмдықтарға ылғи әлдебір сырт күштерді кінәлау, жаупкершілікті Кремльдің озбырлығына иә Американың арандатуына тағып қою ешбір сын көтермейді. Басқасын былай қойғанда кешегі Алаш данышпандарының артынан билікке жағынып жылы орынға жайғасу үшін домалақ қағаз төпелеткен кім? Ұлт мақтаныштарын қинап соттаған, өлім жазасына кескен тек келімсектер дегенге қалайша сенеміз? Ойға еріксіз Ахмет Байтұрсыновтың сөздері келеді:

Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес, дарға асқаны, атқаны,
Маған қиын осылардың бəрінен,
Өз аулыңның иттері үріп-қапқаны...

Ақиқатында өзімізді еркін қоғам ретінде сезіне алдық па? Демократияның негізгі құрауыштары – ой мен сөз, ар бостандығы, тәуелсіз БАҚ, әділ де ашық сайлаулар, биліктің халық бақылауында болуы қамтамасыз етілді ме? Жоқ. Жиын мен шеру бостандығы сықылды құндылықты баянды ете алдық па? Қайта жоқ. Аталған әрбір еркіндік түрін пайдалану үшін әкімшіліктен рұхсат сұрау шарт. Оның өзін беруі неғайбыл, әдетте түрлі сылтаулармен тиым салынады. Ендеше әр жағынан шектелген бүгінгі қоғам  күнкөрісінің рухани қапастан не айрмашылығы бар?

Еркіндіктің баласы болған Қазақ атаулының бойындағы ізгі қасиеттерді жоғалтып алғанымыз.

Кімді кінәлаймыз? Бүгінгі күннің негізгі сұрағы да, айыбы да, қарғысы да осы. Бұл тұрғыда ойға келер жауап бір – өзіміздің қоғам. Өзіміздің тәубешілігіміз, немқұрайлығымыз, намыссыздығымыз, өжетсіздігіміз, келер ұрпақ алдындағы жауапсыздығымыз. Басқаша сөзбен айтқанда, Еркіндіктің баласы болған Қазақ атаулының бойындағы ізгі қасиеттерді жоғалтып алғанымыз.  Бұл құндылықтарды қайта асқақтатпай сол күйінше ақты қара, білімді – надандық, рахымшылықты – жауыздық, иманды – пасықтық жеңе бермейтініне кім кепіл?  

Оставить комментарий

Общество

Презентация автобиографии Ермека Турсунова (видео) Презентация автобиографии Ермека Турсунова (видео)
Редакция Exclusive
Узбекские реформы заставят меняться казахов Узбекские реформы заставят меняться казахов
Аскар Муминов
О русско-казахстанском сепаратизме: Осилит ли власть политику мультикультурализма? О русско-казахстанском сепаратизме: Осилит ли власть политику мультикультурализма?
Редакция Exclusive
Новые правила для иностранных инвесторов страшнее казахских морозов Новые правила для иностранных инвесторов страшнее казахских морозов
Редакция Exclusive
Отчего казахстанцы все еще бедные, когда могут быть такими богатыми? Отчего казахстанцы все еще бедные, когда могут быть такими богатыми?
Аскар Муминов
Водный вопрос: управление, основанное на знаниях Водный вопрос: управление, основанное на знаниях
Редакция Exclusive
Бизнес-кредиты для казахстанцев станут доступнее (видео) Бизнес-кредиты для казахстанцев станут доступнее (видео)
Редакция Exclusive
Госсоцзаказ для НПО Госсоцзаказ для НПО
Редакция Exclusive
Защита денег дольщиков гарантируется фондом (видео) Защита денег дольщиков гарантируется фондом (видео)
Редакция Exclusive
А арбитры кто? А арбитры кто?
Редакция Exclusive
Акция Минфина по легализации: успейте до 23 декабря! (видео) Акция Минфина по легализации: успейте до 23 декабря! (видео)
Редакция Exclusive
Казахстан за семью без насилия Казахстан за семью без насилия
Редакция Exclusive
Қазақстанның 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 5 жыл Қазақстанның 1414 Бірыңғай байланыс орталығына 5 жыл
Редакция Exclusive
Единый контакт-центр Казахстана «1414»: 736 госуслуг Единый контакт-центр Казахстана «1414»: 736 госуслуг
Редакция Exclusive
Молодежь и религия Молодежь и религия
Дамир Салимов
Что такое салафия и с чем ее едят? Что такое салафия и с чем ее едят?
Манас Бистаев
Чиновники в кулуарах про ЕАЭС и новый Шелковый путь Чиновники в кулуарах про ЕАЭС и новый Шелковый путь
Редакция Exclusive
Нефть еще раз спасет экономику Казахстана Нефть еще раз спасет экономику Казахстана
Редакция Exclusive
Детям образование, оралманам – работу Детям образование, оралманам – работу
Редакция Exclusive
Экономика Казахстана выздоравливает Экономика Казахстана выздоравливает
Редакция Exclusive
Кто ответит за ошибку? Кто ответит за ошибку?
Редакция Exclusive
Астана или? Слово за народом (видео) Астана или? Слово за народом (видео)
Редакция Exclusive
Как в снежную зиму не попасть в ЧС Как в снежную зиму не попасть в ЧС
Редакция Exclusive
Три шага в село из 100 (видео) Три шага в село из 100 (видео)
Редакция Exclusive
25 красивых и умных девушек уходящего года (видео) 25 красивых и умных девушек уходящего года (видео)
Редакция Exclusive
Қазақстан – Сингапур: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері Қазақстан – Сингапур: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Редакция Exclusive
Да, азиаты мы… Да, азиаты мы…
Редакция Exclusive
«Евразия Барысы» собирает балуанов (видео) «Евразия Барысы» собирает балуанов (видео)
Редакция Exclusive
Нанотехнологии придут в Казахстан Нанотехнологии придут в Казахстан
Редакция Exclusive
Илья Ильин: «Моя совесть чиста» Илья Ильин: «Моя совесть чиста»
Редакция Exclusive
Стали известны имена и лица подозреваемых в групповом изнасиловании в Есике Стали известны имена и лица подозреваемых в групповом изнасиловании в Есике
Манас Бистаев
Почему в стране внезапно появилось столько «лжепредпринимателей»? Почему в стране внезапно появилось столько «лжепредпринимателей»?
Роман Конев
Энергетик и финансист Асет Наурызбаев предложил решение проблемы пенсионных накоплений Энергетик и финансист Асет Наурызбаев предложил решение проблемы пенсионных накоплений
Редакция Exclusive
Налоговая сага Налоговая сага
Редакция Exclusive
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33