вторник, 24 декабря 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Сананы жаңғырту жолындағы тәуекелдер

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына, міне, үш айдан асты. Содан бері жаңалықтарда естігеніміз – Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғаны және интернет-кеңістікте жүз жаңа есімді анықтаудың басталғаны. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін «бұл үдерістің көздеген мақсаты мен жүзеге асыру жолдары қандай болмақ? Халық тарапынан бұған әлеуметтік сұраныс бар ма?» деген сұрақтарды қойған ешкім болмады. Ал жарайды, жүзеге асыруға кірісіп кеткен екенбіз, алда тұрған тәуекелдер қандай болмақ деген сұрақ осы тұста әбден орынды болар еді.

 

 

Соған орай, мен сегіз тәуекелді атап айтар едім.

Біріншісі. Қозғалып отырған жаңғыру мәселесі замандас үшін қисынды көрінгенімен, бір маңызды сұрақ тасада қалып отыр. Бұл бастаманы биліктің, нақты айтсақ, бір тұлғаның көтергенін білеміз. Қай қоғамды алып қарасақ та, уақыт өте өзгеріп, жаңғырып отырады. Бұл табиғи заңдылық. Президенттің «жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу» деген анықтамасына сүйенсек, қазақ даласында жаңғыру былай да табиғи жүріп отырғанына көзіміз жетеді, оған дәлел – этнографиямыз. Халқымыздың санасы жаңғырған сайын, тозық дәстүрлер мен кертартпа сана да қалып отырған. Тарихта бір ханның не болмаса кейінгі уақыттарда аға-сұлтанның халқын рухани жаңғыруға шақырғанын естімедік.

Табиғи жаңғыру үдерісінің тоқырауға ұшырауын қазақ даласының отарлануы мен кейін келе кеңестер мемлекетінің құрамында болған кездегі оқиғалармен байланстыруға болады. Елбасы да осыны тілге тиек етеді: «ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды».

Сонда ертеректе табиғи жаңғыру механизмі болғанын және оның тоталитарлы жүйенің орнығуымен тоқырауға ұшырағанын ескерсек, қазіргі кезде біржақты рухани жаңғыруды бастама етіп көтерген дұрыс па, әлде табиғи жаңғыру қайта қалпына келіп, өз күшімен жүру үшін институционалды жағдайларды реттеген әлдеқайда дұрыс па деген сұрақ туындайды. Жақында ғана саясаттанушы Айдос Сарым осы мәселеге арналған бір дөңгелек үстелдің басында «бұл биліктің өзі өзгермей, басқаны өзгертуге» талпынысы екенін айтты. Расында да, егер институционалды деңгейде өзгертулер жасалса, онда әрбір азаматтың өз санасы мен руханиятын автономды түрде төбеден тапсырма келмей-ақ өзгертуге қабілеті де, әлеуеті де, ниеті де пайда болар ма еді?! Сонымен, бұл жердегі бірінші және негізгі тәуекел, мақаланы қазіргі кезде қоғамда жиналған мәселелерге жауап деп қабылдасақ, бауыр асқынып жатқан кезде теріге шыққан жараларды емдеумен әлек болып жатқан жоқпыз ба?

Екіншісі – бір бағытты жаңғыру қаупі. Жақында бір сенатордан депутаттардың санасын жаңғырту қажет пе деген сұраққа ол: «Депутаттардың санасы бар, санасыз депутаттар бізде жоқ», – деп жауап бергенін білеміз. Бұл жердегі ең басты тәуекелдердің бірі – мақалада қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға жауапты билік басындағылардың ұстанымы. Қарап отырсақ, олар мақаланы тек халықтың санасын біржақты жаңғырту үшін жазылғандай қабылдайтын сияқты. Ал ақыры санамызды жаңғыртатын болсақ, ойын бір қақпаға емес, екі қақпаға бағытталып әділетті жүруі тиіс еді.

 

 

Үшіншісі – либерализм мәселесі. Елбасының мақаласында мынадай сөздер бар: «Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді. Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті». Адам құқықтары, жеке меншік, заң үстемдігі сияқты құндылықтарды адамзатқа берген либерализмнің адамзатқа ең үлкен қасірет әкелген фашизм мен коммунизммен бір қатарда аталуы алаңдатады. Мақалада көтерілген мәселелер либерализм болмаса, қандай идеологияны қолдану арқылы жүзеге асайын деп отыр? Мынадай формулировкадан кейін еліміздегі адам құқықтары, бостандық түрлерінің күйі қалай өзгермек? Осы жерде Айдос Сарымның тағы бір сөзі еске түседі: «Билік бірде бір "изм" үшін жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді, себебі, ертең сөзден ұсталып қалудан қорқады».

 

 

Төртіншісі – сыртқы белгілерді көшіру немесе «Карго культі». «Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс». Бірақ ескере ме? Осыған дейін үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекетіміз Америкадағы Силикон алқабының қазақстандық баламасын жасаймыз деп қыруар қаражат бөлгенін білеміз. Бірақ, қазір ол ақшаның қайда кеткені айтылмайды. Миллиондаған доллар қаражат құйылғанмен, ақыры соңында алғанымыз «актауский планшетник» болғаны әлі есімізде. Жаңа технологияны өзіміз ойлап табудың орнына, бөлінген ақша желініп, ақыры Қытайдан арзан планшетниктер сатып алынып, оларға «Қазақстанда жасалған» деген жазу ғана жабыстырылған. Неліктен бізде Силикон алқабының пайда болуы мүмкін болмай тұр? Америкада Силикон алқабы қалай қалыптасты? Оны қателіктен қорықпаған компаниялар мен тұлғалар жасай алды. Америкалықтар жұмысқа алғанда да тоғыз қателік жіберген немесе сонша рет жобасы күйген үміткерді алады, өйткені, ол табысқа бір табан жақындап барып, күйреді. Бізде қателік жасасаң, басыңды жұлып алуға дайын. Біз ішкі мәніне үңілмей, сыртын дұрыс көшіре алсақ, соған мәзбіз. Өз қателіктерімізді мойындауға дайынбыз ба? Сананың жаңғыруы да осыны меңзейтін болар?

Карго культі деген құбылыс бар. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде жапондармен соғысып жатқан америкалықтар Тынық мұхитының бір аралында әуе базасын орналастырады. Ол жерде ата заманнан бері бір тайпалар өмір сүреді. Осында келген америкалық әскерилерге азық-түлік пен қажетті заттарды аралдың үстінен ұшып бара жатқан ұшақтар тастап тұрады. Америкалықтар аборигендерге азық-түлік, киім-кешек, басқа нәрселерді беріп, оларды жаман үйретіп, араларында масылдықты қалыптастырады. Сонымен, соғыс аяқталғасын, америкалықтар құрлыққа қайтып кетеді. Тегін дүниеге әбден үйренген аборигендердің түсінігі бойынша, америкалықтар – құдайлар мен жергілікті тайпалардың арасындағы делдал, құдайлар аборигендерге игіліктерді солар арқылы жіберіп отырған екен. Сондықтан олар бұрынғыдай күн кешу үшін америкалықтар сияқты сап түзіп жүріп, ұшу алабын күтіп, ағаштан ұшақтардың дәл көшірмесін жасайды. Он шақты жылдан кейін америкалықтар аралға қайтып келіп, ағаш ұшақтардан тұратын әуе базасын көріп, қатты таң қалады. Бишара аборигендер игіліктерге кенелу үшін ұшақтың көшірмесін жасай салған жеткілікті деген пікірде болған.

Бесіншісі – формалды үстірт қатынас. Егер де Елбасының бұған дейінгі жарияланған мақалаларының тағдырына үңілер болсақ, оның «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласын қазір еске алып жүрген кім бар? Иә, басында төбеден төмен қарай тапсырмалар таралып, оны насихаттауға бағытталған мыңдаған мақалалар жарияланып, жүздеген шаралар ұйымдастырылды. Ондағы тапсырмаларды орындауды атойлап бастағанмен, қазір оны көп еске ала бермейді. Елбасының ендігі рухани жаңғыртуға арналған мақаласының өмірі ұзағырақ болсын деп тілейік.

Алтыншысы – қоғамдағы қалыптасқан шынайылықты елемеу, онымен санаспау. Жақында Астанада Елбасы мақаласына қатысты өткен бір талқылауға қатыстым. Сонда қатысушылар жастарға қандай құндылықтарды ұсынамыз дегенге бас қатырды. Бұл олардың жастардың бүгінгі ахуалынан бейхабар екенін байқатып қойды. Құндылықтарды жастарға жоғарыдан сілтемей, мүмкін, жастардың өздерінен олардың қандай болу керегін сұраған жөн шығар десем, талқылаушылар «жастар біздің тілімізді түсіне ме екен? Мақалада айтылғанды түсінеді деп ойлайсыз ба?» деп таңқалдырды. Қоғаммен дұрыс кері байланыс орнамаса, мақаладағы тапсырмалардың тиімді орындалуы екіталай.

Жетіншісі – бұл бастама бұрынғы бастамадан өзгерек пе? Елбасы мақаласында: «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз», - деді. Осы жерде бір «ұмыт қалған» бастаманы еске алғым келіп тұр.

Елбасы 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Мен қазіргі тілде жазылған кемінде жүздеген қазіргі кітаптардың тізімін жасап, қазақ тіліне қазіргіше аударуды ұсынамын. Бәлкім, жастар арасында конкурс жариялау керек шығар: өздеріне не нәрсе қызықты әрі пайдалы екенін олар да айтсын», - деген болатын. Бірақ бұл бастама сол кездің өзінде жайына қалды. Әрине, басында мемлекет азды-көпті тыпырлағандай болды. Мәселен, 2013 жылы еліміздің барлық облыстары мен екі қаласында жастар арасында сауалнама жүргізіліп, аударуға лайықты әдебиеттің тізімі жасалды. Жылдың соңына қарай жаңалықтарда қазақ тіліне аудару үшін өзекті жүз кітапты анықтау байқауының сарапшылар кеңесі алпыс тоғыз кітапты таңдағаны туралы ақпарат шықты. Тіпті,100kitap.kz сайты тіркеліп, онда қазақ тіліне аударуға ұсынылған қазіргі заманғы әдебиеттің өзекті шығармаларын анықтау бойынша онлайн дауыс беру ұйымдастырылған болатын. Бірақ, іс бұдан арыға бармады. Жүз кітаптың біреуі болса да жарық көрді деген жаңалықты естімедім. Лауазымды жауаптылар мен әуелгідегі бастамашыл топ мүшелері Президенттің осы идеясын «ұмыт» қалдырды, содан бері біреуі де ләм-мим демеді. Қазір жоғарыда айтылған сайттың сілтемесін терсеңіз, оның баяғыдан бері өшіп тұрғанына көзіңіз жетеді.

Бұл жолғы бастама да бұрынғысының кебін кимесе.

Сегізінші - жаңғыртуды қолдайтын топтар мемлекет тарапынан қолдауға ие ме? «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс». Жалпы елімізде жазушылар мен ғалымдар қалды ма? Осы санаттағы тұлғаларға мемлекет тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп жатыр ма? Әлде мақаланы қолдау оларға міндеттеле ме? Міндеттеудің арқасында келген «қолдау» халық арасында мәселеге сенім туғыза қоймайтыны анық.

Оставить комментарий

Общество

Алексей Цеховой: казахи – классики проектной философии (видео) Алексей Цеховой: казахи – классики проектной философии (видео)
Редакция Exclusive
Уроки Устюрта (видео) Уроки Устюрта (видео)
Редакция Exclusive
Instagram: иллюзия идеального общества Instagram: иллюзия идеального общества
Редакция Exclusive
Десять лет тьмы Десять лет тьмы
Редакция Exclusive
Арман Баймуратов: «Искусство начинается с себя» Арман Баймуратов: «Искусство начинается с себя»
Дина Дуспулова
Кобланды – основатель «Казахского ханства» Кобланды – основатель «Казахского ханства»
Парыз Байтенов
Орхусский комитет поставил крест на Кок-Жайляу Орхусский комитет поставил крест на Кок-Жайляу
Мирас Нурмуханбетов
Казахстанский диплом: родной и доступный Казахстанский диплом: родной и доступный
Парыз Байтенов
Что  и почему скрывает правительство? Что и почему скрывает правительство?
Парыз Байтенов
Жизнь в поисках стрелочника. Кто виноват в бедах Казахстана? Жизнь в поисках стрелочника. Кто виноват в бедах Казахстана?
Аскар Муминов
Казахи – мастера киберспорта Казахи – мастера киберспорта
Редакция Exclusive
Выше гор могут быть только люди Выше гор могут быть только люди
Редакция Exclusive
Чтобы войти в элиту, нужно уничтожить коррупцию Чтобы войти в элиту, нужно уничтожить коррупцию
Ботагоз Сейдахметова
Радость, тающая во рту – «Бахрома» Радость, тающая во рту – «Бахрома»
Редакция Exclusive
Включился обратный отсчет. Человечество вымрет (видео) Включился обратный отсчет. Человечество вымрет (видео)
Редакция Exclusive
Неудовлетворенный мужчина – готовый революционер Неудовлетворенный мужчина – готовый революционер
Редакция Exclusive
Споры не о качестве, а о языке обучения Споры не о качестве, а о языке обучения
Аскар Муминов
​Хотите работать в Ritz-Carlton? ​Хотите работать в Ritz-Carlton?
Ботагоз Сейдахметова
До цифрового Казахстана как до луны До цифрового Казахстана как до луны
Парыз Байтенов
Цепная реакция: блокчейн и криптовалюта Цепная реакция: блокчейн и криптовалюта
Парыз Байтенов
IPO Банка Астаны обратило на себя внимание IPO Банка Астаны обратило на себя внимание
Редакция Exclusive
Окопные работы в Алматы Окопные работы в Алматы
Редакция Exclusive
Отток мозгов Vs приток рабочей силы (Часть I) Отток мозгов Vs приток рабочей силы (Часть I)
Ботагоз Сейдахметова
Чем дышат казахстанцы? (видео) Чем дышат казахстанцы? (видео)
Ольга Турова
Дорогая моя столица Дорогая моя столица
Редакция Exclusive
Мы наш, мы новый банк построим Мы наш, мы новый банк построим
Аскар Муминов
Море, солнце и комфортный туалет Море, солнце и комфортный туалет
Ботагоз Сейдахметова
Население Казахстана перевалило за 18 000 000 Население Казахстана перевалило за 18 000 000
Редакция Exclusive
Портреты заговорили Портреты заговорили
Редакция Exclusive
Альтернатива тюрьме Альтернатива тюрьме
Редакция Exclusive
Акт о безоговорочной капитуляции заборов (видео) Акт о безоговорочной капитуляции заборов (видео)
Редакция Exclusive
Срок за госсекрет, о котором никогда не расскажут Срок за госсекрет, о котором никогда не расскажут
Редакция Exclusive
А был ли Будда саком? (видео) А был ли Будда саком? (видео)
Редакция Exclusive
Экспо вызвало подорожание продуктов в Астане Экспо вызвало подорожание продуктов в Астане
Редакция Exclusive
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33