суббота, 12 октября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Назарбаев саяси карьерасының кемелінде

Нұрсұлтан Назарбаевтың амбициясы Қазақстан шекарасынан да асып түсетіні бәрімізге белгілі. Ол үшін 90-жылдардың басында КСРО көшбасшысы атануға кедергі болған жағдайды еске алу жеткілікті. Оқиғаның бұлай өрбуі онсыз да айқын еді, бәсекелестері бір-бірін қаралап жатқан шақта, ол – барлығы болмаса да, көп адамнан қолдау тапқан тұлға болатын.

Назарбаевқа қатысты әр түрлі көзқарас бар, бірақ биліктен айырылып қалудан гөрі,  оны ұзағынан сақтап қалуға септігі тиген жолы болғыштығы жайлы нақты айтуға болады. Алайда, жаңа мақсат қою керек деген қағиданы да ескерген жөн.

Орталық Азиядағы көрші елдер ғана емес, жалпы ТМД бойынша салыстырғанда, Қазақстан қай жағынан алып қараса да постсоветтік дамудың жақсы сценарийін жүзеге асыра алды деп сенімді түрде айтуға болады. Әлбетте, бұл демократиялық өзін-өзі жетілдіру жолына түскен Қырғызстан немесе осы жолдың одан да күрделісін таңдаған Украина емес. Тіпті, өзінің империялық мұрасын аса табысты қолдана алмаған Ресей деуге де келмейді.

Путин Қырым сынды «орыс жерлерін өзіне қайтарам» деп жүргенде, батыспен арада ұзақ, әрі нәтижесіз қақтығысқа тап болды. Әрине орыс халқы әдеттегідей ортақ дұшпанының алдында бірігеді деген үміт те жоқ емес, және ол Ресейдің ішкі даму резервтерін оятуға септігін тигізуі мүмкін. Бірақ бұл болжамды – шындық деп қабылдау ең жеңіл жолды таңдау дегенді білдіреді. Интеллектуалды элитасы қайтадан батысқа кетіп, Ресей бұрынғы қалыпқа қайта түсті.

Қазіргі таңда Өзбекстанға үлкен үміт артуға болады, Мирзиевтің билік басына келуі – көп нәрсенің тек оған байланысты екенін аңғартқандай.

Түркіменстан болса Аркадагтың шынайылығынан алшақтататын мистикаға толы мәңгі ұйқыға кеткен, қандай да бір таңғажайып құбылыс орын алады деуге сену қиын.

Тәжікстан да күдік пен күмәннің ортасында. Молдовия қанша жылдан бері жаңа өзгерістерді күткенмен, оның ауылы әлі алыс сияқты. Жемқорлықпен күрес Арменияда негізгі трендке айналса, ал Грузия тарихы жеткен жетістіктерінің күн өткен сайын сағымға айналып бара жатқанын айтады.

Беларусьтің жақсылыққа толы болжамдары таусылып, тұрақты тығырыққа тірелді

Бір сөзбен айтқанда, «әлемдегі ең әділетті кеңістік» тәжірибесінің христиандар мен мұсылмандарды бірдей бақытты ету әрекеті оң нәтижесін бермей, мемлекеттер одағының ыдырауына алып келді.  

Шынтуайтында, бүкіл әлем тұтқиылдан келер тың өзгерістердің болатынын сезуде. Барлығымыздың беймәлім өркениеттік өзгерістердің алдында тұрғынымыз белгілі. Ал олардың ішіндегі нақты белгілісі - жаһандық жылыну қатері ғана.

Соңғы кезде барлығы популистік немесе ұлтшыл деп атап жүрген үкіметтің билік басына келуі – жаһанданудың орнында немесе онымен бірге жатқан әлдебір шындық болғанын аңғартады. Оның негізі адамдардың қандай да бір этникалық топқа тиесілі болу түсінігінде жатыр. Ал либералдар болса қазіргі таңда өз көрсеқызарлықтары үшін есеп беруде.

Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романында Урсула мынадай бір керемет жорамал жасайды: уақыт спираль бойынша қозғалып, адамдар мен тұтас халықты бұрын болып кеткен оқиғалар ортасына қайта алып келеді. Әр халықтың мәңгілік иллюзиясы мен жалғыздығы өз шеңберінен жібермейтін дүлей құйын тәрізді уақыт аясында өзгеріссіз қалып қояды.

Адамзат жаңа өркениеттік даму сприалін қайта іздеу үстінде. Бұл синусоидтың жоғарғы бөлігі батыста да, шығыста да емес. Мүмкін ортасында жатыр тағы да. Бар құпия өткен жүзжылдықта ойлап табылған мемлекеттер шекарасынан абстракциялануда жатқан да шығар. Халықтар тағдыры біртұтас болып кеткені соншалық, оның ара-жігін ажырату деген ойға сыймайтын нәрсе. Айталық, батысқа қарай ұзақ жүре берсеңіз шығыстан бірақ шығасыз немесе керісінше. Барлық қамалдар мен шекаралар - тек біздің ойымызда жатқан ұғымдар. Және ол өзін-өзі идентификациялау (бірегейлендіру) деп аталады. 

Осы жылы батыс пен шығысты аралап жүріп, бізге бүйрегі бұратын әр түрлі адамдармен кездестім. Өңірлерге олардың көзімен қарадым. Бірнеше мемлекет билік үшін таласқан және өздерінен анағұрлым мықты көршілерімен санасу үшін жан беріскен архаикалық жерлерді де көрдім. Олардың бабалары бірде Еуропаның нақ ортасын жаулап алса, бірде Азияның терең тұңғиығына бас ұрып өз тарихын жасаған. Арғы атасы варварлардың күшімен қарапайым халықты өзіне бағындырып, ал атақты ғалымдары болса, батыс ағартушылары ашқан жаңалықтардан ғасырлар бойына ұзап кетті.

Дешті Қыпшақтың алып аумағында қазіргі заманның ғаламторы қызметін атқарған керуендер тізбегі өтетін. Ол христиандар, буддистер мен мұсылмандарды қақтығыстар мен гуманитарлық диалогқа толы бірегей өркениетке біріктірген. Кейіннен ол жол үзіліп қалды. Уақыт кері кетіп, Еуразия қайтадан бұрынғысынан да сорақы қалыптағы ұрыс алаңына айналып шыға келді. Тарихы болса алпауыт елдердің мұрағатында көміліп қала берді.

Түркі дүниесінің бір бөлшегі ғана болып есептелетін - қазақтар, түркімендер, татарлар, түріктер, болгарлар, сербтер, албандар, тіпті орыстар – әлемнің әр тарабында тарыдай шашылып, ата-бабасы мақтан тұтқан өткен тарихын емес, өзара өкпелерін ғана есте сақтап жүргендей. Алтай  мен Тянь-шань тауларының шегінен шығатын ұлы өркениет жайлы ой оның қазіргі территориясында өмір сүріп жатқан замандастарымыздың санасын сан-саққа жүгіртеді.

Кедей, надан әрі бөлшектенген аймақтарымызға қарап бұған сену қиын ба? Әрине. Бірақ, 30 жыл пеште отырған Илья Муромец сияқты екінің қаптары бұзған жоқ па еді логика заңын?

Өз ұлтына кейде тіпті кереғар болып көрінгенімен, сондай-ақ ақ адал қалып та болмаса да, Назарбаев билік пен легитимділікті ұстап тұра алды. Қалай болған күннің өзінде, қазіргі таңда ұлтаралық немесе діни проблемалар жоқ. Президенттің жасы мен ықпалы түркі қоғамына негізделген орталық Азия кеңістігінде интеграция жүргізушілердің біріне айналуға мүмкіндік береді. Аутсайдер-аймақ стратегиясын анықтау – елбасының жаңа құрметті миссиясы деуге келе ме? Шығыста әлі беделге ие болып тұрған оның негізгі себебі, жасы мен ықпалы да бар. Жалпы өңірде, тіптен жеке мемлекеттің өзінде жоқ стратегиялық векторды неге жасап шығармасқа?

Өңірлендіру– өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған, ешбір кедергіге қарамастан дамып келе жатқан тренд. Еуроодақ та - әлем халқының 60 пайызы өмір сүретін АСЕАН сияқты өркениеттік жоба. Өңірлендіру әлеуеті аз мемлекеттер үшін прагматикалық құрал болып табылады. Яғни, Қытайдың өзін келісімшарт жасауға мәжбүрлейтін, ал Бангладеш пен Камбоджа елдерінің АСЕАН ұйымының мүшесі болғандықтан олармен санасуға міндеттейді.

Бұл әрине ДСҰ, НАТО немесе БҰҰ сияқты мамандандырылған ұйым емес, мүмкін бар мәселе - олардың ішкі өркениеттік мазмұнының болмауында шығар. Олар көлемі үлкен болып көрінгенмен, тек бір мәселені шешуге бағытталған механизмді ойлап тапқан.

КСРО ыдырағаннан соң түркі мемлекеттері одағын құру үшін бірнеше әрекет жасалынғандығы аян. Олардың ең жүйеленгені деп ТҮРКІЛІКті айтуға болады. Бірақ, белгілі бір себептермен, батыста немесе шығыста болсын бұл туралы айту аса зор үрей тудырады.

Бұл идеяны өз пайдасына жүзеге асыруға орыстар да мүдделі, өздерін тіпті  түркіге жатқызып, ал зымырандарын «Сармат» деп атайтындары да бар. Путин де түркілерді орыстың айналасына жинауға кет әрі емес. Ресей арналарында Шыңғыс ханның шығу тегі славяннан деп мақтанышпен айту да жиілеп кетті. Оған қоса Путин Назарбаевтың еуразиялық концепциясын белсенді түрде тоқтатпақшы болды, оның негізгі қателігі – аталған одақты басқару өз қолында болғанын қалап, бауырларының екі жақты байланысын қызғанышпен бақылап отырғысы келгенінде еді. Бауырлас халықтардың мәңгілік достығы туралы қарымды уәждің өзі ешкімнің көңілінен шықпады. Түркілес елдердің игілігіне орай, АҚШ арқа сүйер қосымша ықпал  иесі атанып отыр.

Бүгінде Орталық Азия одағының жаңа конфигурациясын құруға мүмкіндік бар, десе де Ресей, басқа ұйым мүшелері сияқты, саяси элиталардың позициясына бағынышты болмауы керек. Тарихи зерде – интеллигенция, бизнес және азаматтық сектор сынды факторларды біріктіре отырып жүзеге асыруға болатын ең пәрменді фактор. Бұл концепция әлемнің бізге деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Еуропалық интеграция негізіндегі конструктивизм территория көлемі, ЖІӨ және халық саны сияқты факторлардың шиеленісу процесін төмендетеді. Жалғыз жүрсек, ешкімге қызық емеспіз, ал бірге болсақ –нағыз мықты геополитикалық ойыншымыз.

Әрбір адам, әрбір халық бұрынғыдай немесе бұрынғыдан да көбірек өзі жайлы, қайдан келіп, қайда кетіп бара жатқандығы туралы білгісі келетін шығар. Жаңа технологиялар болса адамның бұл қалауын жеңілдетуі мүмкін.

Мәдениет диалогы, өркениет пен тарих диалогы – қазір тек экономикалық жоба ретінде ғана қабылданатын Жібек жолының пайда болуына алып келген жоқ па? Негізінде бұл концепцияда ешбір жаңашылдық жоқ. Ол –тек ғасырлар бойы өңірімізде болған дүниенің жетілдірілген нұсқасы.

Әрбір көшбасшы үшін басқа балама таңдау  – өз амбициясынан аса алмаған, тарихтағы жай ғана бір автократтардың біріне айналу.

Жедел басқарудан кетіп, өз абыройын сақтай отырып, жаңа кеңістікті ойлап тапқан елбасының мүлдем өзгеше образын жасауға қиял мен амбиция Назарбаевтан табылар ма екен?  Неге мүмкін емес? Тәжірибе мен шаршау – ақымақтық жасаудың алдын алу үшін таптырмайтын қасиет.

Бұған қатысты ғалымдар арнайы термин ойлап тапқан: батыс экономикалық либерализміне балама болатын авторитарлы эволюцианизм. Бұл – ішкі қарама-қарсылық жүйесінің орнына сыртқы жүйені жасап шығару мүмкіндігі.

Қамқоршылдықтан кету үрдісі ретінде көрінуі мүмкін – әкенің баласы өз бетінше аң аулай алатындығын мойындау сияқты, президент те өз қызмет орнын босатып, одан да жоғары лауазымға ауысуы қажет. Ондай болмаған жағдайда, әке мен халық арасындағы қарым-қатынас бұзылуы мүмкін.

Сонымен қатар, ірі әрі келешегі бар нарықты жасау – жерін сатып күн көріп отырған ел үшін тығырықтан шығудың жақсы амалы болуы мүмкін. Ішкі және сыртқы инвестиция үшін қауіпсіз 60 млндық нарық – экономиканы әртараптандырудың мінсіз құралы емей немене?

 ғажайып интуициясы мен мықты харизмасы бар саяси жануар деп жатады. Оның өз қызметінен аяқ асты әрі жасампаздықпен  кететіні жайлы қауесет баяғыдан бар. Ал жоғары дәрежеге жетіп, бұдан да күрделі билікке кетуге Назарбаевтың әлеуеті жете ме деген сұрақ туындайды бұндайда? Бұл бір жағынын орыстың қайта өрлеуін жасағысы келген Путиннің тиімді стратегиясына ұқсайды. Бірақ аталған жағдайда Назарбаев халықаралық дәрежедегі саясаткер бола алады, және ол жасап кеткен кішігірім жауыздықтарын ұрпақтарының кешіруі бек мүмкін.

Оның тарихта автократ емес, түркі әлемін қайта құрушы ретінде ел тарихының жадында есте қалу мүмкіндігі бар. Демократиядан тысқары жолмен табысқа жеткен Ли Куан Юді кешірген сияқты, Назарбавтың да көп дүниесіне көз жұма қарауымыз ықтимал. Тарих жеңімпаздарды жақсы көреді. Ядролық ел статусынан еркін-ықтиярсыз бас тартып емес, ұлттық деңгейдегі көшбасшы атану - Назарбаевтың көптен күткен Нобель сыйлығын алуына себепкер болады.

Бұл жағдайда Өзбекстан қауіп-қатерден гөрі, артықшылыққа ие болар деген үміттеміз. Мирзиев ойынды асқан байқампаздықпен бастады: өзбек ғалымдарына Орталық Азия халықтарының этногеографиялық тұтастығы жайлы концепцияны зерттеуге міндеттеді. Концепция негізіне  жеке беделді тұлғаның этникалық ұйымдасуда жетекші атану қабілеті туралы  Гумилевтің «пассионарлылық» теориясы енгізілді. Бірақ проблема одан да күрделі құрылым – этнос пассионарлылығы жайында.

перевод: Кульпаш Шынбат
Оставить комментарий

Политика

Политика намного сложнее физики Политика намного сложнее физики
Редакция Exclusive
Бессмысленные санкции Америки против Ирана Бессмысленные санкции Америки против Ирана
Редакция Exclusive
Против кого стали дружить Индия и Япония? Против кого стали дружить Индия и Япония?
Редакция Exclusive
Власть Трампа слабеет Власть Трампа слабеет
Редакция Exclusive
Беларусь исчезнет ради нового срока Путина? Беларусь исчезнет ради нового срока Путина?
Аскар Муминов
Туркмены тоже в режиме «ручного управления» Туркмены тоже в режиме «ручного управления»
Редакция Exclusive
Ереван недоволен этой организацией Ереван недоволен этой организацией
Аскар Муминов
Выборы в США: Трамп всерьез и надолго Выборы в США: Трамп всерьез и надолго
Редакция Exclusive
В Туркменистане остановилось время В Туркменистане остановилось время
Карлыгаш Еженова
США-КНР: холодной войны пока нет США-КНР: холодной войны пока нет
Редакция Exclusive
Шпиону пора в холод Шпиону пора в холод
Редакция Exclusive
Auf Wiedersehen и скатертью дорога Auf Wiedersehen и скатертью дорога
Редакция Exclusive
Путин собрался в рай, а Назарбаев спасти мир Путин собрался в рай, а Назарбаев спасти мир
Аскар Муминов
МФЦА и рынок зеленых облигаций МФЦА и рынок зеленых облигаций
Редакция Exclusive
Политика США в отношении Китая обречена на провал  Политика США в отношении Китая обречена на провал 
Редакция Exclusive
Бояре дерутся – у холопов чубы трещат Бояре дерутся – у холопов чубы трещат
Аскар Муминов
Конюшню следует запирать до побега лошадей Конюшню следует запирать до побега лошадей
Редакция Exclusive
Зачем Москва вытащила постсоветское чучело? Зачем Москва вытащила постсоветское чучело?
Аскар Муминов
Как Москва узбеков вооружить решила Как Москва узбеков вооружить решила
Мирас Нурмуханбетов
Сингапур и Казахстан: «отношения в любую погоду». Сингапур и Казахстан: «отношения в любую погоду».
Редакция Exclusive
Странные советники Странные советники
Редакция Exclusive
Конгресс  США: «Любая нестабильность в Казахстане вызовет беспокойство в Вашингтоне» Конгресс  США: «Любая нестабильность в Казахстане вызовет беспокойство в Вашингтоне»
Мирас Нурмуханбетов
Усен Сулеймен: Любовь к родине позволит сингапурцам всегда быть лучшими в мире. Усен Сулеймен: Любовь к родине позволит сингапурцам всегда быть лучшими в мире.
Редакция Exclusive
Пекин боится дать своим акимам слишком много свободы Пекин боится дать своим акимам слишком много свободы
Редакция Exclusive
Реструктуризация мира Реструктуризация мира
Редакция Exclusive
Зулкифли Бахарудин, Сингапур: «Ни одна государственная корпорация не может долго успешно функционировать» Зулкифли Бахарудин, Сингапур: «Ни одна государственная корпорация не может долго успешно функционировать»
Редакция Exclusive
Торговая война заставит Китай меняться Торговая война заставит Китай меняться
Редакция Exclusive
Китайский бумеранг Китайский бумеранг
Редакция Exclusive
Центральной Азии нужны общие цели Центральной Азии нужны общие цели
Редакция Exclusive
Вернутся ли вывезенные капиталы в Казахстан? Вернутся ли вывезенные капиталы в Казахстан?
Аскар Муминов
Казахстан должен пользоваться тем влиянием, которое имеет Назарбаев в мире Казахстан должен пользоваться тем влиянием, которое имеет Назарбаев в мире
Редакция Exclusive
Зачем Назарбаев летал к Эрдогану? Зачем Назарбаев летал к Эрдогану?
Аскар Муминов
Как китайцы «перевоспитывают» мусульман Как китайцы «перевоспитывают» мусульман
Аскар Муминов
Будет ли большой политический переполох? Будет ли большой политический переполох?
Аскар Муминов
Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33