среда, 27 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Қазақ пен Өзбек аймақтық интеграцияның ұйытқысына айнала ма?

Өзбекстан президенті Шавқат Мирзиеев күні кеше ресми сапармен Қазақстанға ат басын бұрды. Сыйлы қонақ қана емес, бауырлас халықтың басшысына Нұр-Сұлтанда зор құрмет көрсетілді. Әуежайда әріптесін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алғаны - халықаралық рәсімдерде сирек кездесетін жәйт және жоғары мәртебелі мейманға айрықша ілтипаттың белгісі. Айталық, соңғы жылдары елімізге Ресей не Қытай жетекшілері келгенде оларды премьер-министр не оның орынбасарларының бірі қарсы алатыны үйреншікті жағдай. Ал енді сапардың таяуда ғана Түркі мемлекеттері ұйымының құрылуынан кейін жүзеге асып отырғаны оған деген үстеме маңыз бен жауапкершілік жүктеп отыр. Ендеше екіжақты келіссөздерден не күтуге болады?

Орын алған уағдаластықтардың стратегиялық маңызына тоқтасласақ, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда ең ірі екі мемлекет – олар аймақтық экономиканың 80 пайызын құрайды. Сондай-ақ қос мемлекетке Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70 пайызы тиесілі. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері Қазақ пен Өзбек арасындағы тауар айналымы 40 пайызға дерлік артып, жыл соңына дейін 4 миллиард долларға жетеді деп күтілуде – бұл біздің сауда қарым-қатынастарымыз үшін рекордтық көрсеткіш. Бірақ бұл шекті меже емес. Экономикалардың мүмкіндіктері бізге болашақта 10 миллиардтық мақсатты батыл қоюға мұрсат береді.

Бүгінде Өзбекстанға бізден мұнай, бидай, ұн, күнбағыс тұқымдары, биоорганикалық химия өнімдері, азық-түлік тауарлары экспортталады. Тиісінше, Өзбекстанан бізге газ, автокөлік, мақта, химиялық өнімдер, тыңайтқыштар, көкөніс келеді. Алдағы уақытта транзиттік әлеуетті нығайту үшін жұмыстар жоспарланған. Мәселен, жыл басынан темір жол тасымалының көлемі 20,5 миллион тоннаны құрады. Өзбек серіктестермен бірлесіп «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол жолаушылар қатынасын және «Дарбаза – Мақтарал – Жизақ» жаңа теміржол желісін салу жөніндегі жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізілмек.

Әлбетте, екі президент өзекті халықаралық мәселелерді, оның ішінде аймақтық қауіпсіздікті нығайту, Ауғаныстаннан төнген қауіп-қатерге, сыртқы күштердің екпініне, басқа да тәуекелдерге  бірлесе төтеп беру мәселесін айналып өтпеді. Жақында ғана Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштерінің бірлесе өткізген “Қалқан-2021” әскери жаттығулары соның бірі көрінісі.

Өзара ықпалдастық дамыған сайын бұл аймақтық интеграцияға серпін берері хақ. Бүгінде тұтас әлем үлгі тұтқан Еуропа Одағы кезінде Германия мен Францияның осындай ынтамқтасытығынан басталғанын ескерген жөн. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер жеткілікті – сенім мен рухани бауырластық, ділдік, тілдік, діни жақындық, экономика мен шаруашылық салаларының бір-бірін толықтырып тұрғаны, көліктік инфрақұрылым, іскерлік байланыстар, ортақ тағдыр т.б.

Өкінішке орай, 1990-жылдары және 2000-жылдардың басында осындай зор әлеует көп ретте іске аспай қалып отырды. Бәлкім, бұған Орталық Азиядағы көшбасшылық үшін тартыс, шекарадағы келіспеушіліктер, тарих, сыртқы саясат, аймақтың болашағы, басқа да сезімтал мәселелерге қатысты түрлі ұстанымдар әсер еткен болар. Өз алдына соңғы уақытқа шейін аймақ елдерінің ортақ мәміліге келе алмай, жік-жікке бөлінуі сырт күштердің сойылын соқты. Нәтижесіндегі аймақтың әлсіздігі оны бөгде ықпал иелеріне кіріптар етіп қойғандығы тағы бар.

Қалай болғанда да бұрынғы күмән мен өкпені еңсеріп бүгінде аймақ басшылары ұжымдық игілікті басшылыққа алғаны қуантарлық жағдай. Назар аударарлығы Қасым-Жомарт Тоқаев та, Шавқат Мирзиеев те Тәуелсіздік жылдарындағы басшылықтың екінші буын өкілдері. Бұл да жаңа заман талабына сай ептілік танытып жаңаша ойлау тұрғысынан жағымды жаңалық. Кезінде Шавқат Мирзиеевтің өзі президент мәртебесіндегі шетелге тұңғыш сапарын бұған дейін қалыптасқан дәстүр бойынша Мәскеу не Бейжінге емес, Орталық Азия астаналарынан бастағанын жақсылыққа жорып едік. Қазір игі үрдіс жалғасып сапалық тұрғыдан жаңа биіктерден көрінуде.        

Мәселенің тағы бір жағы – Түркі мемлекеттері ұйымының өз ішіндегі ара-салмақ. Бірқатар шолулар мен сараптамалар бұл тұрғыда аталған бірлестікте шешуші орынға Түркияны қоюға дағдыланған. Рас, 1990-жылдардың басында енді ғана тәуелсіздік алған Орталық Азия елдері саяси һәм экономикалық тұрғыдан әлсіз болған да шығар. Қиын жағдайды еңсеруде Тұрғыт Озал, одан кейін Сүлейман Демирел бастаған Түрік ағайындар бізге қол ұшын созғанын да ешқашан ұмытпауымыз керек. Алайда қазір біздің аймақтың әл-ауқаты едәуір артты. Мәселен, Анадолы түркілерінің халқы 84 миллион болса, тарихи атауымен айтқандағы Түркістанның (Ресей, Қытай, Ирандағы қандасты санамағанда) көрсеткіші - 75 миллион, Түркияның Жалпы ішкі өнімі 720 миллиард долларды құраса, Орталық Азияда – 300 миллиард. Бұның өзі құрылып отырған Түркі мемлекеттері ұйымында ара-салмақтың сақталып ықпалдастықтың сенімді түрде алға басуына сенімді негіз болып табылады. Аталған тұжырымды “Ата-бабамыздың қонысы, шыққан тегіміз – Алтай мен Түркістан” дегенді ықыласпен қайталаушы Түркия басшылары ылғи қуаттайды. Бұл да ортақ ұйымымыздың құстың қос қанатындай биікке самғауына қолайлы жағдай туғызбақ.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытайдың Шынжанында бауырларымыз қысымға ұшырап жатқанда өркениетті деп аталатын әлем үнсіз қалған еді. Себебі адами құндылықтар иә халықаралық заңдар жайын қанша айтса да бүгінгі әлемде көпшілік ең алдымен қара басының қамын ойлайды – үлкен саясатта бұл прагматизм деп аталады. Алайда сол Шынжандағы ағайынға ауыртпалық түскенде ұлттық намысты әлгі прагматизмнен жоғары қойып тек Түркия араша түсті. Сол күндері президент Таиб Реджеп Ердоғанның үндеуімен жалғыз ғана Стамбулда бірнеше жүз мың адам Бейжіннің озбыр саясатына наразылық білдірді. Бұның өзі орын алған проблемаға әлемнің назарын аударуға, Қытайды адам құқықтарын құрметтуге мәжбүрлеуде нәтижесіз қалмады.

Сол сияқты Қазақ, Өзбек, Түрік, Әзірбайжан, Қырғыз, Түрікмен, басқа да түркі баласы бас қосқан ұйымда ортақ мақсат пен мүдде қара бастың қамынан жоғары тұруы үшін, ұжымның мүшесінің біреуіне қауіп-қатер төнсе, басқалары қаймықпастан оның қорғауы үшін мықты алғышарттар қалыптасуда. Білектінің әмірі жүріп тұрған бүгінгідей алмағайып заманда бұл тек ынтымақтасу ғана емес, айналып келгенде екі мың жылдық тарихы бар Тұранның амандығының кепілі.

Оставить комментарий

Политика

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33