воскресенье, 24 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Өз ісін ашамын деген азаматтарға көмек

2016 жылғы шілдеден бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінетін қаржының негізгі үлесі отбасылық мал бордақылау алаңдары мен сүт қабылдау бекеттерін ашуға, ауылшаруашылық кооперативтерді дамытуға бағытталады.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры - мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл бизнесін шағын қаржыландыру бойынша негізгі операторы болып саналады. Қордың негізгі мақсатты аудиториясы – ауылды жерлерде жұмыс жасайтын шағын бизнес, ауылдарда, шағын және моноқалаларда өз ісін ашамын немесе кеңейтемін деген азаматтар.

Қордың несие қоржыны бүгінгі таңда 73,1 млрд. теңге құрайды. Белсенді қарыз алушылардың саны 38 мыңнан асты. Несие қоржынының жартысы Жұмыспен қамту 2020 жол картасына тиесілі. Осы жылдан бастап бұл бағдарламаның қаржысы негізінен отбасылық мал бордақылау алаңдары («Береке» бағдарламасы) мен сүт қабылдау бекеттерін ашуға («Бірлік» бағдарламасы), өнімнің тауарлық массасын жинақтап, оны нарықтарға жеткізетін ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға («Ынтымақ» бағдарламасы) бағытталады.

Жыл соңына дейін облыс әкімдіктер тарапынан 99 сүт қабылдау бекеттерін ашу қарастырылған, олар өндіруші компанияларына 60 мың тонна сүт жеткізе алады. Бұл жұмыс Қордың және шаруашылықтардың жеке қаражаттарына жүргізілуде.

Сондай-ақ, отбасылық мал бордақылау алаңдары санын 2 219 жеткізу жоспарланған. Олар кооперативтерге бірігіп, мал сою бекеттеріне қажетті құрал-жабдықтарды сатуп алуға несие ала алады.

Бүгінгі таңда Қор тарапынан 3 281 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 13 сүт қабылдау бекеті қаржыландырылды.

Жалпы, ағымдағы жылы Қор арқылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 23 млрд. теңге шағын несиелеуге бағытталады. Және республикалық бюджеттен бұл бағыттарды қаржыландыруға қосымша 10 млрд. теңге бөлінуде.

Осы жылдың он айдың ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 19 млрд. теңгеге 6,7 мың жоба, «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша 950 млн. теңгеге 226 жоба қаржыландырылды. Қаржының 80 пайызы агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларға жұмсалды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі агенттігінің банктік қарыздық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар.

Оставить комментарий

Общество

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33