воскресенье, 24 ноября 2024
,
USD/KZT: 425.67 EUR/KZT: 496.42 RUR/KZT: 5.81
Подведены итоги рекламно-медийной конференции AdTribune-2022 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 4 жасар қызға арналған мурал пайда болды В Казахстане планируется ввести принудительный труд в качестве наказания за административные правонарушения Референдум - проверка общества на гражданскую зрелость - Токаев Екінші Республиканың негізін қалаймыз – Тоқаев Генпрокуратура обратилась к казахстанцам в преддверие референдума Бәрпібаевтың жеке ұшағына қатысты тексеріс басталды Маңғыстауда әкім орынбасары екінші рет қызметінен шеттетілді Тенге остается во власти эмоций Ресей өкілі Ердоғанның әскери операциясына қарсы екенін айтты Обновление парка сельхозтехники обсудили фермеры и машиностроители Казахстана Цены на сахар за год выросли на 61% Научно-производственный комплекс «Фитохимия» вернут в госсобственность Сколько налогов уплачено в бюджет с начала года? Новым гендиректором «Казахавтодора» стал экс-председатель комитета транспорта МИИР РК Американский генерал заявил об угрозе для США со стороны России Меркель впервые публично осудила Россию и поддержала Украину Байден призвал ужесточить контроль за оборотом оружия в США Супругу Мамая задержали после вывешивания баннера в поддержку политика в Алматы Казахстан и Южная Корея обсудили стратегическое партнерство Персональный охранник за 850 тыс тенге: Депутат прокомментировал скандальное объявление Россия и ОПЕК решили увеличить план добычи нефти Рау: Алдағы референдум – саяси ерік-жігердің айрықша белгісі Нью-Делиде Абай мүсіні орнатылды «Свобода 55»: иммерсивный аудиоспектакль про выбор, свободу и январские события

Назарбаев университетінде Орталық Азиядағы алғашқы GE Day өтті

 

Қазақстанда Назарбаев университетінде алғаш рет GE Day болып өтті. Бұл шара жас дарындарды іздестіруге және одан ары үздік бағдарламаларға  қатысып, General Electric (GE) компаниясында тағылымдамадан өту үшін әлеуетті үміткерлерді іріктеуге бағытталған. 

Шараға Назарбаев Университетінің жоғарғы курстарында оқитын 50-ден астам студент қатысты. Іскерлік ойын аясында команда қатысушыларының «Қазақстан энергетикасын Digital-трансформациялау» тақырыбында өз шешімдерін ұсынуы GE Day шарасының ерекше сипатына айналды.  Төрешілердің қызметін GE сарапшылары атқарды, олар талдаудың тереңдігін, шешімнің құрылымы мен логикасын, жобаның инновациялылығын және нақты жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалады. Жеңімпаздар GE-де тағылымдамадан өтуге үміткерлерді іріктеудің соңғы турына өтеді, сондай-ақ, «Машинамен оқыту» тақырыбы бойынша онлайн оқуға мүмкіндік алады.

Бела Ференци, Орталық Азия және Әзербайжан өңірі бойынша, Ресей/ТМД-дағы GE бас директоры: «GE өзінің жоғары технологиялық өнімдері және сервисімен ғана емес, кәсіпқой командасымен де әлемге әйгілі. Тағылымгерлер мен жас түлектерді тарту үшін Назарбаев Университетінің Орталық Азиядағы алғашқы мақсатты ЖОО болғаны бізді қуантады. Тез өзгеретін бәсекелестік орта жағдайында басты инфрақұрылымдық міндеттерді шешуге қабілеті бар табысты көшбасшыларды дайындау мақсатында біз университетте аса көрнекті дарындарды іздестіру үстіндеміз. Қазіргі уақытта Астанада Назарбаев Университетінің 2 тағылымгері тәжірибеден өтуде. 2017 жылдың ақпан айына дейін біз осы рөлдегі тағы 15 позицияны жабуды көздеп отырмыз».

«Назарбаев Университеті алдыңғы қатардағы дамуды және Қазақстанның білім беру және ғылым жүйесін жаңа дүниежүзілік деңгейге шығаруды қамтамасыз етуге бағытталған, осы ретте біздің дарынды студенттеріміз бен университтеті тәмамдаушыларымыз осы үрдістің жетекші күші болып табылады. Өнеркәсіп пен сандық технологиялар саласындағы бүкіләлемдік көшбасшы болып табылатын GE компаниясының назар аударуы оларға одан арғы мансаптарын таңдауға, көшбасшылық машықтарын дамытуға көмектесіп, инновациялық әлеуетін белсендете түсу үшін күшті түрткі болмақ», – дейді Назарбаев Университетінің студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова.

Тамыз айында GE Назарбаев Университетімен бірлескен білім беру бағдарламалары аясындағы ынтымақтастығын кеңейте түсетіні туралы хабарлады.

GE

GE (NYSE: GE) өнеркәсіп пен цифрлық технологиялардың дүниежүзілік көшбасшысы. Компания қызметкерлерінің штаты әлемнің 180 елінде жұмыс істейтін 333 000 астам адамды құрайды. GE дүниежүзілік өнеркәсіптің түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығуына жағдай туғызады. Цифрлық және өнеркәсіптік жабдықтарды біріктіре отырып, GE клиенттеріне озық, жақсы болжамдалатын, өзара байланысы бар технологиялық шешімдерді ұсынады. GE компанияның дүниежүзіне тараған бизнестеріне технологияларымен, тәжірибесімен және кәсіби білімімен алмасуға мүмкіндік беретін бірегей ресурсқа (GE Store) ие болып отыр. Әрбір жаңа өнертабыс арқылы GE дүниежүзілік өнеркәсіптің алуан түрлі салаларын дамыту үшін зор мүмкіндіктердің есігін ашады. Кәсіби команда, жоғары технологиялық өнімдер мен сервистер, сондай-ақ GE қызметінің ауқымы клиенттеріміз үшін ең үздік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.www.ge.com

GE Ресейде/ТМД-да

GE энергетика, мұнай-газ, көлік, денсаулық сақтау салаларындағы стратегиялық серіктестермен ынтымақтастықта халықаралық тәжірибені пайдаланып және озық технологияларды шоғырландыра отырып, аймақтың өзекті инфрақұрылымдық мәселелерін шешу және халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында Ресейде/ТМД-да 100 жақын жыл жұмыс істеуде. GE 1900 қызметкері Ресей мен ТМД елдерінде қызмет етеді, оның аймақтық штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан. Толық ақпаратты компанияның www.ge.ru ресми сайтынан және www.gereports.ru технологиялық инновациялар блогынан алуға болады.

Оставить комментарий

Smart

Страницы:1 2 3 4 5 6 ... 33